Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Visa-мен бірге қазақстандық бизнесмендерге «пакеттік қызметтер конструкторы» атты ерекше қызмет ұсынады

29 шілде 2020 ж., Алматы қ. – Енді отандық кәсіпкерлер бір қатар қызметтер үшін алынатын банк комиссияларынан үнемдей алады, яғни керекті банктік қызметтерді өздерінің қажеттіліктеріне сай келетін пакетке жинақтайды. Бизнес-клиенттерге ыңғайлы болуы үшін Сбербанк Visa-мен бірге moedelo.sberbank.kz атты қолайлы онлайн-конструктор жасап шығарды, ол банктік қызметтерді бизнестің қажеттіліктеріне сай жекешелендіруге мүмкіндік береді.

«Пакеттік қызметтер конструкторы» — бұл клиенттерімізге ұсынылып отырған жаңа әдіс. Moedelo.sberbank.kz сайтындағы қарапайым сұрақтарға жауап беру арқылы кәсіпкер өз компаниясы үшін шын мәнінде қажетті қызметтер жиынтығын алады. Конструктор логикасында біз түрлі салалардағы бизнестің банкпен жұмысы кезінде туындауы мүмкін барлық қажеттіліктерді қарастыруға тырыстық.  Отандық бизнесмендер бұл сервисті жоғары бағалайтынына сенімдімін. Біріншіден, мұндай әдіс уақыт ақшадан да қымбат болып тұрған осындай уақытта мінсіз шешім болып табылады, себебі бөлімшеге келіп қажеті жоқ. Екіншіден, пандемия жағдайында бұл - банкпен қарым-қатынас жасаудың ең қауіпсіз жолы», - дейді Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Виталий Шемелин.

Сбербанктің пакеттік ұсыныстары — бұл келесілерді қамтитын негізгі кассалық-есеп айырысу қызметтерінің жиынтығы: шот ашу, шотты толықтыру және шоттан ақша алу, валюта айырбастау, төлемдер жүргізу, аударым жасау және т.б. банк қызметтері. «Moedelo.sberbank.kz пакеттік қызметтер конструкторының» көмегімен кәсіпкерлер тек өздеріне қажетті және ақысын төлеуге дайын банктік өнімдер мен қызметтерді жинақтай алады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан.  

Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:

"Сбербанк" АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266-35-68 (ішкі: 502 466)                  
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz  

Поделиться


Алматы