Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк онлайн арналарын пайдаланып, банктік қызметтерді үйден не кеңседен шықпай алыңыз

Құрметті клиенттер,

Біздің банктің клиенттеріне кез-келген банктік қызметті үйден немесе кеңседен шықпай алуға мүмкіндік беретін онлайн каналдар қолжетімді екенін естеріңізге саламыз, сондай-ақ сіздерге банкоматтар мен шоттарыңызды қолма қол ақшамен толтыруға арналған құрылғылар да қолжетімді.

Карантин кезінде біз клиенттерімізге Сбербанктің онлайн және қашықтан жұмыс істейтін шешімдерін барынша пайдалануға кеңес береміз.  Бұл жеңіл әрі ыңғайлы, әсіресе қоғамдық орындарға баруды шектеу кезеңінде өзекті.

Сбербанк Онлайн (СБОЛ) қосымшасы арқылы қолжетімді онлайн қызметтер тізімі:
· Карталар, оның ішінде виртуалды карталар ашу және жабу;
· Карталар мен шоттар бойынша үзінді көшірмелер мен анықтамалар;
· Картадан Сбербанк картасына немесе кез келген өзге банктің картасына аударым;
· Жеке тұлға шотына аударым;
· Заңды тұлға шотына аударым;
· Халықаралық аударымдар;
· Салымдар ашу, толықтыру және жабу;
· Айырбастау операциялары;
· Кредитті өтеу;
· Сондай-ақ өзге 1600 төлем түрлері, оның ішінде коммуналдық, мектеп, балабақша ақысы және т.б.

Сбербанк Онлайнға өту

Сбербанк Онлайнды жүктеу:

Play Market App Store

Толығырақ www.sberbank.kz сайтында немесе 5030 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін).

Егер сізде банк кеңсесіне келу қажеттігі туындаса, біз сізді бөлімшелерімізде көруге әрқашан қуаныштымыз, олар жұмысын жалғастыруда.

Сбербанктің қызмет көрсету кеңселерінде клиенттердің денсаулығын қорғау мақсатында жайларды санитарлық өңдеу мен дезинфекциялау шаралары күшейтілген.

Өзіңіз бен жақындарыңызды сақтаңыз! Біз әрқашан байланыстамыз!

Құрметпен,
Сбербанк

Поделиться


Алматы