Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

42 500 теңге төлем алуға арналған әлеуметтік картаны Сбербанкте санаулы минутта ашуға болады

 

Әлеуметтік төлемдерді алуға қажетті карталық шотты Сбербанкте бірнеше минут ішінде және бөлімшеге келмей-ақ ашуға, сондай-ақ оған виртуалды картаны тіркеуге болады

Карантин кезінде және елде төтенше жағдай енгізіліуі нәтижесінде табысынан айырылған бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлерге материалды көмек көрсету мақсатында үкімет басшылығы оларға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлем туралы шешім қабылдады.

Жәрдемақы аудару үшін қойылаттың талаптардың бірі ақша аударылатын карталық шоттың болуы еді. 

Сбербанкте шотты қашықтан ашуға болатынын және бөлімшеге келудің, оның ішінде банктің жаңа клиенттеріне де бөлімшеге келудің қажеті жоғын хабарлаймыз.

Банк Сбербанк Онлайн Казахстан мобильді қосымшасында бірнеше минутта өздігіңізше шот ашуды ұсынады.

Біздің әлеуметтік картамызбен қажет болған жағдайда тегін және картаның өзінсіз Қазақстан Республикасы бойынша кез келген Сбербанк банкоматта ақша ала аласыз.

Сондай-ақ біздің картаны Sberbank Pay, Apple Pay не Samsung Pay жүйелеріне тіркеп, картамен дүкендерде, дәріханаларда және қызметтерді өтеу кезінде POS-терминалдарда жанасусыз төлем жасауға болады.

«Барлық Сбербанкте карталық шот ашамын деушілерге шотты үйден шықпай және өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қауіпке тікпей ашуды ұсынамыз. Бұл өте жеңіл әрі ыңғайлы», - дейді Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі Басқарушы директор Амырхан Чиканаев.

Қорыта келе, Сбербанкте әлеуметтік карта мен карталық шотты қашықтан ашу үшін 3 жеңіл қадам жасау қажет:

Поделиться


Алматы