Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанктен екі есе тиімділік – комиссиясыз және жеңілдік мөлшерлеме бойынша кредит

2020 жылғы 12 тамыз - Енді жалақысын Сбербанк Қазақстан картасына алатын қазақстандықтар кредитті жылдық 4% жеңілдікпен рәсімдей алады. Ал тамыздың соңына дейін барлық клиенттер кредитті комиссиясыз рәсімдей алады.

Жалақы жобасы ең танымал Сбербанк өнімдерінің бірі болып табылады. Көптеген қазақстандықтар қаржы институтының карталық сервистерінің қолайлылығына жоғары баға берді, олар «Сбербанк Онлайн Казахстан» мобильді қосымшасымен бірге төлемдер, аударымдар жасау және жеке қаражаттарды басқарудың өзге түрлері бойынша үлкен мүмкіндіктер ашады.

Сбербанк Қазақстанның жалақы алу бойынша қызметтерін пайдаланудың салмақты себебі - кредиттер бойынша жеңілдікті шарттар, сондай-ақ депозиттер бойынша жоғары пайыздар болып табылады.

Сбербанктің жалақы карталарының иегерлері кез келген мақсатқа жеңілдікті шарттарда кепілсіз кредит ала алатынын айта кеткен жөн. Мақұлданатын ең жоғарғы сома 6 млн теңгеге дейін, кредит мерзімі - 5 жыл. Банктің клиенттері үшін бұл қызмет көп уақыттан бері бар, алайда қазір тек жалақы карталарын ұстаушыларға ғана банк сыйақы мөлшерлемесіне 4% дейінгі жеңілдік ұсынады, бұл өте тиімді. Сондай-ақ тамыздың соңына дейін банкте комисссиясыз кредит акциясы өткізіледі, оны толығырақ сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Бұл орайда банк өз клиенттерін түрлі акциялармен қуантып отыратын айта кеткен жөн. Мысалы, осы айда Сбербанк клиенттеріне түрлі салаларда жоғарылатылған кэшбекпен акциялар қолжетімді: жанармай құю бекетінен тағам жеткізу қызметіне дейін.

Банк жалақы жобасы аясында Сбербанкке көшу корпоративтік клиенттер үшін де, кез келген компанияның  жалақысын Сбербанк Қазақстан арқылы алғысы келетін жеке қызметкерлері үшін де қолжетімді екенін еске салады.

 Және бұл қызметті одан да қолжетімдірек ету үшін банк жалақы жобасын рәсімдеуді жеңілдетті. Мысалы, заңды тұлғаларға банкпен шарт жасасып, құжаттар пакетін әзірлеудің қажеті жоқ, ал ШОБ үшін картаға жалақы аудару комиссиясы мүлдем алынып тасталды. Талаптармен келесі сілтеме бойынша толығырақ таныса аласыз:.

Жеке тұлғалар үшін жұмыс орнынан анықтама ұсыну талабы алынып тасталды, ал картаға клиент банк сайтында тапсырыс беріп, үйге дейін жеткізу қызметін пайдалана алады. Бұл ретте компания бухгалтері жеке тұлғаның деректемелерін электронды поштаға ширек сағатта алады.

«Біз үлкен жұмыс атқарып, карталық сервистеріміз бен интернет-бакнинг жүйесін клиенттер үшін барынша ыңғайлы еттік. Сонымен қатар жалақы жобалары бойынша қызметтерді пайдаланатын клиеттермізге біздің ұсынатын қосымша артықшылықтарымыз бен сөзсіз қаржылық тұрақтылық Сбербанкті серіктес банкті таңдауда тамаша таңдауға айналдырады», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Орынбасары Александр Титов. 

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді. 2020 ж. 1 шілде мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.

Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266 -35 -68 (ішкі 502 466)                  
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz   

Поделиться


Алматы