в настоящий момент средняя загруженность
20 тамыз 2020 ж., Алматы қ. - Ranking.kz талдау агенттігі қазақстандық автонесиелеу нарығына зерттеу жүргізді және Сбербанк осы санаттағы қарыздар бойынша ең тиімді шарттарды ұсынады деген қорытындыға келді.
Агенттіктің мәліметінше, қазақстандық ірі кредитор-банктер арасында жалақы жобасынан тыс жаңа автомобильдерді сатып алуға арналған арнайы кредит өнімдерін 5 ЕДБ ұсынады. Бұл жағдайда Сбербанктің сегментіндегі ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлеме: 19,34% бастап. Сонымен қатар, Сбербанк ең төменгі бастапқы жарнаны - жаңа автомобиль құнының 10% - ын төлеген жағдайда кредитті ресімдеуді ұсынады.
«Автомашинаны сатып алуға кредит алу - нарықтағы ең сұранысқа ие кредиттік өнімдердің бірі. Біз клиенттерге автонесиелер бойынша ең тиімді шарттарды және қарызды ресімдеудің барынша ыңғайлы процесін ұсынуға тырыстық. Біздің күш-жігеріміз өз жемісін беріп жатқанына қуаныштымыз, клиенттер біздің автонесиелер бойынша тартымды жағдайларымызды бағалады. Осының арқасында бүгінде Қазақстандағы әрбір үшінші жаңа автомобиль Сбербанк арқылы сатып алынады», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.
Ranking.kz Қазақстанда автонесиелеу тақырыбының өзектілігі еліміздің автопаркінің қартаюымен байланысты екенін атап өтті. Қазірдің өзінде автопарктің үштен екісі (65,3%, бір жыл бұрын 63,9% қарсы) 10 жылдан асқан ескі автомобильдерді құрайды. 3 жылдан аз жаңа «темір тұлпарлар» жалпы санның тек 10,9% құрайды. Осылайша, банктік автонесиелеу елдің автомашиналар паркін жаңарту мен жасарудың тиімді құралы бола алады.
Анықтама:
«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:
«Сбербанк» АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266 -35 -68 (ішкі 502 466)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz