Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк серіктесі бол

21 тамыз 2020 ж., Алматы қ. – Сбербанк Қазақстан өздерінің корпоративтік клиенттеріне банкке есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге жаңа компанияларды тарту бөлігінде өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынады.

Банк өз клиенттеріне - заңды тұлғаларға олардың ұсыныстары бойынша Сбербанкте шот ашқан әрбір жаңа бизнес-клиент үшін 6 000 теңгеге дейінгі мөлшерде серіктестік сыйақы төлейтін болады.

«Жоғары сапалы есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету Сбербанктің мақтаныштарының бірі болып табылады: тиімді тарифтер, инновациялық өнімдер, мұқият және жауапты қызметкерлер. Сондықтан біздің клиенттеріміз бізді өз серіктестеріне, клиенттеріне, әріптестеріне немесе қарапайым таныстарына дайындала ұсынады деп ойлаймыз. Оның үстіне, бұл ұсыныстарға сыйақы беріледі», - деп атап өтті Сбербанктің Қазақстандағы Корпоративтік бизнес сегменттерін дамыту басқармасының басшысы Екатерина Приходько.

Бұл ұсыныс  заңды, бухгалтерлік, консалтингтік қызметтер көрсететін компанияларға, сондай-ақ B2B нарығында ірі тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қызығушылық танытуы мүмкін.

«Қазіргі зерттеулер көрсеткендей, қызмет көрсетуші банкті таңдау туралы шешімдерді көптеген клиенттер жарнама немесе шарттар мен тарифтерді талдау негізінде емес, олар сенетін адамдардың ұсынымдары арқылы қабылдайды. Сондықтан біз банктегі есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жарнамасына жібере алатын ақшалай қаражатты қоршаған адамдармен бізбен ынтымақтасудың оң тәжірибесімен бөлісуге дайын біздің құрметті клиенттерімізге сыйақы төлеуге қайта бағыттауды шештік», - деп толықтырды Екатерина Приходько.

Компанияларды қызмет алуға Сбербанкке тартып, сол үшін ақша алыңыз! Толық ақпарат сілтеме бойынша. 

Анықтама үшін:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Сбербанк халықаралық тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. жағдай бойынша Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша 2-ші орында тұр. Бүгінгі күні «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-і филиалдар болып табылады. Банктің орталық кеңсесі Алматы қ. орналасқан.       

Қосымша түсініктеме үшін мынаған хабарласуға болады:

«Сбербанк» АҚ ЕБ баспасөз қызметі
Гүлмира Мухсинова
+7 (727) 266-35-68 (ішкі: 502 466)                  
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz 

Поделиться


Алматы