в настоящий момент средняя загруженность
Құрметті клиенттер!
Сбербанк Сізге біздің POS-терминалдарымыздың жұмысымен байланысты мәселелерді жедел шешу үшін тағы бір арнаны ұсынады. Енді нақты уақыт режимінде өтінім беру оңайырақ болды!
Арнайы әзірленген Telegram-бот Сізге қысқа мерзімде жабдықтың жұмысын қалпына келтіруге көмектесу үшін Банкке POS-терминалдың жұмысында пайда болған кез келген қате туралы өтінімді тез жіберуге көмектеседі.
Өтінімді қалдыру үшін мына сілтеме бойынша өту керек: https://t.me/Merchants_Sberbank_bot
Анықтама:
«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:
"Сбербанк" АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266 -35 -68 (ішкі 502 466)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz