Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қызылорда қ. жиһаз өндірушісіне өндіріс көлемін арттыруға көмектесті

27 тамыз 2020 ж., Алматы қ. - «Сбербанк» АҚ ЕБ Қызылорда қ. жиһаз өндірушісі «Grand мебель» ЖК қолдау көрсетті – шығыс материалдарын сатып алу және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті айналым қаражатын толықтыру үшін кредит берді.

Банк клиентке «Скоринг - Кепілсіз кредит» бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімде ең аз құжаттар пакетімен ақша беруді көздейтін қарызды берді.

Қарыз алушының негізгі өнімдері жоғары сапалы және заманауи дизайнымен ерекшеленетін ас үй, жатын бөлме, кеңсе гарнитуралары болып табылады. Компанияға өнім өндіруге тапсырыстар тек Қызылорда облысынан ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа аймақтарынан да түседі. Банктің кредиттік қаражатына клиент өнім шығаруға қажетті шикізат пен шығын материалдарын сатып алды.

«Клиент жас кәсіпкер болып табылады. Ол жиһазды өндірумен 16 жасында 2016 жылдан бастап айналыса бастады. Бүгінде кәсіпорынның өндірістік цехында 6 адам жұмыс істейді. Сбербанк осындай кәсіпкерлік бастамаларды толығымен қолдайды және біз оның табысқа жету жолында перспективалы бизнесін дамытуға көмектесуге қуаныштымыз», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Қызылорда қ. филиалының директоры Қайрат ДЖУСАРУБ.

Шағын және орта бизнесті кредиттеу Сбербанктің басым бағыттарының бірі болып табылады. Банк өз ресурстары есебінен де, түрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде де экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге белсенді кредит береді.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.      

Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266 -35 -68 (ішкі 502 466)                  
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz   

 

Поделиться


Алматы