Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк SberPOS пайдаланушыларына жеңілдікпен қызмет көрсету шарттарын ұсынады

2020 жылғы 28 тамыз, Алматы қ. - Сбербанк Қазақстан кәсіпкердің Android-смартфонын байланыссыз POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік беретін SberPOS мобильді қосымшасының пайдаланушыларына  екі ай жеңілдік қызмет көрсетуді ұсынады. 

«Әлем қолма-қол ақшадан қарқынды түрде бас тартуда және бұл үрдісті елемеуге болмайды. Көптеген клиенттер әр түрлі байланыссыз жолмен төлеуді жөн көреді және біз бизнеске, әсіресе шағын кәсіпкерлерге біздің ерекше ұсынысымызды пайдалануды ұсынамыз. Біз қолма - қол ақшасыз төлемдер әлеміне кіру шегін барынша төмендеттік: науқан кезінде SberPOS-ты қосыңыз, төлемдерді VISA карточкаларымен екі ай бойы комиссиясыз қабылдаңыз», - деді Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Виталий Шемелин.

Комиссияның болмауы 1 SberPOS-қа айына 1 млн теңгеге дейінгі төлемдердің жалпы сомасына қолданылады. Егер төлем сомасы 1 млн теңгеден асып кетсе, Банкпен белгілеген тариф алынады.

Науқанның әрекет ету мерзімі-2020 жылғы 17 тамыздан 16 қазанға дейін.

SberPOS-тың басты артықшылығы қымбат тұратын терминалды сатып алудың қажетсіздігімен негізделеді - кәсіпкердің смартфоны 24/7 режимінде байланыссыз төлемдерді қабылдайтын ыңғайлы POS-терминалға айналады.

Төлемді қабылдау үшін сатушы сатып алу сомасын енгізеді және өзінің смартфонын байланыссыз картаға немесе сатып алушының NFC (смартфон, смарт-сағат және т.б.) қолдайтын құрылғысына жақындатуы керек.

Науқанға қатысу үшін кәсіпкер Сбербанкте ағымдағы шотты немесе кіріс картасын ашып, келісім жасап, смартфонға SberPOS қосымшасын орнатуы керек.

Толығырақ мына телефон арқылы: 7744 (мобильді телефоннан тегін) және сайтта мына сілтеме бойынша. 

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.      

Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266 -35 -68 (ішкі 502 466)                  
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz   

 

Поделиться


Алматы