Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк «Өзіңді сақта» клиенттерді медициналық сақтандыру қызметін іске қосты

04 қыркүйек 2020 ж., Алматы қ. - Сбербанк өз клиенттеріне «Өзіңді сақта» медициналық сақтандыру қызметін пайдалануды ұсынады.

Құны 4 490 теңгеден басталатын бағдарлама банк клиенттерінің қосымша қаржылық және медициналық қолдауы болып табылады.

Оның артықшылықтары:

  • кеңсеге бармай-ақ онлайн ресімдеу;
  • 24/7 медициналық қолдау + бүкіл отбасы үшін дәрігердің онлайн кеңесі (теледәрігер);
  • COVID-19 қоса алғанда, ауруға байланысты еңбекке жарамсыздықты жабу;
  • сақтандыру мерзімі – 3, 6 және 12 ай;
  • әрбір еңбекке жарамсыздық күн үшін 7 000 теңге төлеу (7-ші күннен бастап);
  • ең жоғарғы төлем - 840 000 теңге.

«Күнделікті істер мен шаруалардың ұласуында көбіміз медициналық сақтандыруды сатып алу мәселесін кейінге қалдырамыз. Осыны түсіне отырып, өз клиенттерімізге қамқорлық жасай отырып, біз оларға көп уақыт және ақша жұмсамай, өздерін сенімді сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беруді шештік», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Ернар Накисбеков.

Денсаулықты сақтандыру оңай - сайтта өтінімді толтырыңыз, полисті кез-келген банк картасымен төлеңіз және оны электрондық пошта арқылы алыңыз.

Банк клиенттерін сақтандыру қорғанысын «Еуропалық сақтандыру компаниясы» АҚ қамтамасыз етеді.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.      

Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі қызметкерлерге хабарласыңыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266 -35 -68 (ішкі 502 466)                  

Поделиться


Алматы