Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк өзінің «Сбер» деп аталатын жаңа брендін ұсынды

Бүгін Сбербанк тобы ресми түрде «Сбер Конф» онлайн-конференциясында өзінің «Сбер» деп аталатын жаңа брендін ұсынды.

Бүгінгі таңда Сбер - бұл 50-ден астам компания, олардың арасында СберМаркет, СберАвто, СберЗдоровье, ОККО, СберЗвук, СберКлауд және тағы басқа қызметтер бар. Сбер ұзақ уақыттан бері толыққанды технологиялық компанияға айналды және адамдарда тек банк ретінде ғана емес, одан үлкен құрылым ретінде көзқарас қалыптастырады.

Өзінің экожүйесін одан әрі дамытудың арқасында Сбер барлық өзекті мәселелерді шешуге көмектесе отырып, өз клиенттері үшін нағыз көмекші болуға ниетті. Топтың мақсаты әр адамның жайлылығы, әр бизнестің жетістігі болып табылады.

«Үлкен топтың бір бөлігі бола отырып, біз Қазақстандағы клиенттеріміз үшін Сбердің экожүйесіне барынша қол жетімділікті ұсынуға ниеттіміз. Биылғы жылы біз ОККО онлайн-кинотеатры қызметін ұсындық, оны онлайн да, Сбер бөлімшелерінде де қосуға болады. Алдағы уақытта біз қосымша қаржылық емес қызметтерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз - топтың қызметтерін пайдалану арқылы да, сонымен қатар жергілікті серіктестермен бірлесіп клиенттің қажеттіліктері айналасында экожүйені құру», - деп түсіндірді «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Ельдар Тенизбаев.

Сондай-ақ, Сбер өзінің классикалық логотипін жасылдан көк түске градиенттік ауысатын және жаңа мүмкіндіктер, уақытты үнемдеу және оны маңызды заттармен толтыру идеясын бейнелейтін шеңбердегі құсбелгісі бар логотипке ауыстырды.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы