Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

ОККО онлайн-кинотеатрының репертуары қазақстандық туындылармен толықты

 

01 қазан 2020 ж., Алматы қ. - ОККО онлайн-кинотеатрының репертуарында қазақстандық фильмдер мен сериалдар пайда болды, соның арқасында сервиске жазылу қазақстандық көрермен үшін тиімдірек бола түсті.

ОККО онлайн-кинотеатры Қазақстан нарығында тез танымалдылыққа ие болды, бүгінгі күні ҚР-да 100 000-нан астам клиент сервис қызметін пайдалануда.

Қазіргі уақытта онлайн-кинотеатрға жазылу  құны 1 айға 1,5 мың теңгені құрайды, алайда клиент «Сбербанк Онлайн Қазақстан» мобильді банкингі арқылы төлесе, құны 900 теңгеге дейін төмендейді.

«Көптеген адамдар білетіндей, Сбербанк жай банк мәртебесінен асып түсті. Бүгінгі таңда Сбер - бұл біздің клиенттеріміздің өмірін жақсырақ, сапалырақ және жайлырақ етуге арналған 50-ден астам компания мен сервис. Осындай сервистердің бірі — ОККО онлайн-кинотеатры. Қазақстандық туындыларды қосу есебінен кинотеатрдың репертуарын кеңейту және «Сбербанк Онлайн Қазақстан» пайдаланушылары үшін жазылу құнын төмендету - бұл клиенттердің біздің сервистерімізге қанағаттануын арттыру үшін жасалған дәйекті қадамдар», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Ельдар Тенизбаев.

Поделиться


Алматы