Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанктың бөлімшелерінде 1 қазаннан бастап Nomad Life компаниясынан өмірді инвестициялық сақтандыру (unit-linked) – ZOLOTO NOMADOV Invest өнімін сату басталады

«Сбербанк» АҚ ЕБ өмірді инвестициялық сақтандырудың ZOLOTO NOMADOV Invest – жаңа өнімінің іске қосылуы туралы хабарлайды

ZOLOTO NOMADOV Invest – бұл қаржы құралдарына қаражатты инвестициялау жолымен сақтандыру қорғанысы (өмірді сақтандыру) мен капиталды жинақтаудың үйлесімділігін білдіретін unit-linked классикалық өнімі немесе өмірді инвестициялық сақтандыру. Қарапайым жинақтаушы сақтандырудан немесе кепілдендірілген табыстылығы бар депозиттен айырмашылығы, клиенттерге инвестициялау стратегиясын өздері таңдауға мүмкіндік береді. ZOLOTO NOMADOV Invest қаржы нарығының басқа өнімдерінің алдында бірқатар артықшылықтарға ие: өмірді сақтандыру, валютамен жинақтау және мүліктік даулар кезінде инвестицияланған ақшаға қол сұғылмаушылық, сондай-ақ бағдарлама аяқталғаннан кейін шартта көрсетілген тұлғаларға төлеу. Ең бастысы, «ZOLOTO NOMADOV Invest»-тегі активтер құнының өсімі салық салудан босатылды.

Клиентті таңдауға «АҚШ-тың 500 ірі компаниясы», «АҚШ-тың көгілдір фишкалары», «Қытайдың қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау», «Энергетика», «Алтын өндіру» сияқты ірі және сенімді әлемдік компаниялардың басқаруындағы инвестициялық портфельдердің табыстылығы мен тәуекелдері тұрғысынан ең қызықты 7 портфелі ұсынылған.  

«Unit-linked – бүкіл әлемдегі танымал инвестициялау нысаны. Өнім өзінің әлеуетті табыстылығымен, қолжетімділігімен және өзге қаржы өнімдерінің алдындағы бірқатар артықшылықтарымен қызықты: валютадағы депозиттер бойынша мөлшерлемелер төмендейді, бағалы қағаздарға инвестициялар салық салуға жатады. Қор нарығының табыстылығы сақтандырумен бірге өнімнің басты артықшылығын – салық салудан босатуды береді. Осылайша,  ZOLOTO NOMADOV Invest Қазақстандағы танымал қаржы өнімдерінің біріне айналу мүмкіндігіне ие болады», – дейді  «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының кеңесшісі Ернар Нақысбеков.

Клиент өз активтерін сақтандыру полисін ресімдеу және стратегияны таңдау арқылы инвестициялайды. Шарттың мерзімі 3 жылдан 15 жылға дейін, ең төменгі жарна $500 құрайды. Төлем АҚШ доллары бағамы бойынша ұлттық валютамен есептеледі. Полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жинақталған соманы алады, ол инвестициялау уақытында активтер құнының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Клиент өмірден өткен жағдайда, ол алдын ала тағайындаған пайда алушылар сақтандыру төлемін алады.

Инвестицияларыңызды ғаламдық басқарушыларға сеніп тапсырыңыз, толық ақпарат сілтеме бойынша. 

Поделиться


Алматы