Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанктің арқасында бизнеске жеке тұлғалардан төлемдерді қабылдау оңайырақ бола түсті. Төлемдерді 5 минут ішінде online шығару!

Бизнеске жеке тұлғалардан төлемдерді қабылдауды бастау бұрынғыдан да оңайырақ бола түсті.

30 қыркүйек 2020 ж., Алматы қ.- Сіз - кәсіпкерсіз, ал сіздің клиенттеріңіз - Сбербанктің онлайн қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалар ма? Өзіңіздің қызметтеріңізді SberBusiness-ке қосыңыз (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған интернет-кеңсе) және Сбербанк арқылы жеке тұлғалардан төлемдерді қабылдай бастаңыз. Қызметті SberBusiness платформасында өтініш беру арқылы қашықтан қосуға болады.

Сбербанктің интернет-банкингінде ұсынылған қызметтер жеткізушілерінің қатарына кіру үшін, сізге келесі бағдар бойынша SberBusiness-ке тиісті өтініш жіберу жеткілікті: Өнімдер – Өтініштер - «Басқа» санаты.

«Корпоративтік клиенттермен жұмыс жасауда Сбербанк келесі қағиданы ұстанады: сіз бизнеспен айналысасыз, ал біз сізді негізгі жұмысыңыздан ешнәрсе алаңдатпауы үшін барлығын жасаймыз. Клиенттерімізге қамқорлық жасап, олардың уақытын үнемдей отырып, біз үнемі SberBusiness қашықтан қызмет көрсету жүйесінің функционалын кеңейтудеміз. Енді платформада пайдаланушыларды жеке тұлғалардан төлемдер алу жөніндегі қызметке қосу сервисі қолжетімді, бұл біздің клиенттеріміз үшін ыңғайлы және тиімді болады», - деп Сбербанк АҚ ЕБ Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі Басқарушы директоры Виталий Шемелин атап өтті.

SberBusiness мобильді қосымшасын жүктеу

Play Маркет Android

APP Store IOS

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы