Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

«Сбербанк Онлайн Қазақстан» мобильді банкингінің артықшылықтарын дәл қазір бағалаңыз

08 қазан 2020 ж., Алматы қ.- Қазіргі заманғы адамның банк бөлімшелеріне барудың себептері азайып барады. Мыңдаған түрлі қызметтерді төлеуге, шот ашуға және оларды басқаруға, валютаны тиімді бағам бойынша лезде айырбастауға, кредиттерді әлемнің кез келген жерінен 24/7 режимінде алуға және өтеуге болады. Дәл осындай мүмкіндіктер «Сбербанк Онлайн Қазақстан» мобильді банкингінің пайдаланушыларында да бар.

«Сбербанк Онлайн Қазақстан» - бұл пайдаланушының қаржыны басқарумен байланысты кез келген сұрауларына жауап беретін бірегей сервис.

ҚР және РФ телефон нөмірі бойынша немесе әлемнің кез келген банкіндегі картаға ақша аудару керек пе? Мұны «Сбербанк Онлайн Қазақстан» қосымшасында жасаңыз.

Салық төлемдерін жүзеге асырғыңыз келе ме, телекоммуникация, коммуналдық, білім беру немесе басқа қызметтерді төлегіңіз келе ме? «Сбербанк Онлайн Қазақстан» қосымшасында 1600-ден астам қызметтің төлемі қолжетімді және оларды жеткізушілер тізімі үнемі өсіп келеді.

Карта, депозит ашу, кредит алу қажеттілігі туындады ма? «Сбербанк Онлайн Қазақстан» клиенттердің осындай сұраныстарын орындау үшін құрылған. Кредит алу, төлем кестесін қарау, өтеу (соның ішінде мерзімінен бұрын) - мұның бәрі енді банкке бармай-ақ мүмкін.

«Банк бір орында тұрмайды және өзінің онлайн-банкингінің функционалын үнемі кеңейтіп отырады. Өйткені бүгінгі таңда заманауи банктік технологиялар клиенттердің өмірін барынша жеңілдетуге қабілетті. Өз уақытыңызды үнемдеңіз - дәл қазір «Сбербанк Онлайн Қазақстан» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз және бөлімшелерге бармай-ақ банк қызметтерін пайдаланыңыз», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ бөлшек блогының кураторы Ернар Накисбеков.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы