Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Қазақстандықтар онлайн-аудармаларды көбірек пайдалана бастады

02 қараша 2020 ж., Алматы қ. Банктердің ақша аударымдары саласындағы жаңа мүмкіндіктері трансшекаралық ақша ағындарының өсуіне әкелуде. Бұл нарықтағы көшбасшылардың бірі телефон нөмірі бойынша Ресейге ақша аудару бойынша ыңғайлы сервисті, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне тиімді онлайн-аударымдарды ұсынатын Сбербанк Қазақстан болып табылады.

 LS интернет-басылымы ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сілтеме жасай отырып, пандемияға, шекаралардың жабылуына және экономикалық белсенділіктің баяулауына қарамастан, қыркүйек айында Қазақстаннан басқа елдерге 93,2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 млрд теңгеге артық.

Бұл ретте қаражаттың басым бөлігі Қырғызстанға – 22,6 млрд теңге және Ресейге – 22,3 млрд теңге жіберілді. Сондай – ақ, Қазақстаннан қомақты қаржы көлемі Түркияға – 17,7 млрд теңге, Өзбекстанға – 17,1 млрд теңге және Қытайға-4,7 млрд теңге аударылды.

Мұндай көрсеткіштер көрші елдерде оқитын студенттердің көптігімен, сондай-ақ жоғарыда аталған елдерде бизнес-серіктестердің, достарының және жақындарының болуымен байланысты. 

Ал Қазақстанға қыркүйек айында 27 млрд теңгеден астам қаржы келіп түсті, бұл ретте жөнелтуші елдер арасында көшбасшы орынды Ресей (6,9 млрд теңге) алды, оған енді телефон нөмірі бойынша ақша жіберуге болады. Сбербан Қазақстан қыркүйек айының басында «РФ телефон нөмірі бойынша аударымдар» – ақша аударымдары нарығында эксклюзивті ұсынысты жасады.

Енді Қазақстандағы Сбербанк клиенттері алушының телефон нөмірін ғана біле отырып, Ресейлік Сбербанк картасына көрші елге ақша аудара алады. Сонымен қатар, бұл функция, егер оларға Қазақстанға ақша жіберу қажет болса, Ресейдегі  Сбербанктің  клиенттерінің аударымдарына да қолданылады.

Тек қыркүйек айында Қазақстан Сбербанкінен Ресей Сбербанкіне телефон нөмірі бойынша 11 562 аударым, ал Ресей Сбербанкінен Қазақстанға жалпы сомасы 11 млн.рубльден асатын 1990 аударым жіберілді.

 Жаңа қызметтің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қазақстандықтар бағалап үлгерді, оларға енді кезекте тұрудың және Ресей Федерациясында тұратын жақындарына, туыстарына немесе достарына ақша жіберу үшін жоғары комиссиялар төлеудің қажеті жоқ. Барлық қажетті функционал енді Қазақстан Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасында бар.

Сонымен қатар, Сбербанк Қазақстан Орталық Азияның көрші елдеріне ақша аударымдарын жөнелтетін клиенттерді де назардан тыс қалдырмады. Банктің мобильдік қосымшасында Тәжікстанға, Өзбекстанға және Қырғызстанға ыңғайлы онлайн-аударымдар мүмкіндігі іске асырылды. Бұл елдердегі жақын адамдарға ақша жіберу енді банкке баруды қажет етпейді, ол үшін «Сбербанк Онлайн Қазақстан» қосымшасын өз смартфоныңызға жүктеп алу жеткілікті.

Анықтама:
«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы