Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Ең бастысы - қауіпсіздік

05 қараша 2020 ж., Алматы қ. Алаяқтық операциялардың, қаржы қаражатын ұрлаудың және ақпараттық қауіпсіздікті бұзудың жиілеп кеткен жағдайларына байланысты, әсіресе қаржы ұйымдарында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Бұл жерде цифрландыру мен трансформацияның кері жағы да бар – көбінесе банктер зиянкестердің басым нысанасына айналады.

Бұл фактіні елдегі киберқауіпсіздік бойынша ең сенімді банктердің бірі Сбербанк Қазақстанның сарапшылары да растап отыр. Банктің Ақпарат қауіпсіздігі және қорғау департаменті директорының орынбасары Мұсабек Садықовтың айтуынша, апта сайын кибералаяқтардың клиенттердің шоттарынан ақша шығару іс-әрекеттерінің 150-ден 200-ге дейінгі жағдайы тіркеледі. Сондықтан банк үшін кибершабуылдардан қорғаудың жүйелері мен құралдарын жетілдіру - бұл үздіксіз процесс. Клиенттік ақшаның қауіпсіздігі мен қауіпсіздігі мәселесі – бұл жерде басым болып келеді.

– Киберқауіптер негізінен жете бағаланбайды, - дейді М.Садықов, - Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, олар жаһандық тәуекелдердің бестігінде орналасқан. Яғни, олар табиғи апаттармен, қоныс аударумен, тамақ пен таза судың жетіспеуімен қатар тұр. Сарапшылардың пікірінше, егер жағдай өзгермесе, онда 2022 жылға қарай киберқылмыстық топтардың іс-әрекеттерінен болатын шығын жылына шамамен 8 триллион долларға жетуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, киберқауіпсіздік мәселесі бос сөз емес және ерекше назар аударуды қажет етеді. Дәл сондықтан бірнеше жыл бұрын Сбербанкте Кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл орталығы (КІО) арнайы құрылды, ол тәулік бойы 24/7 режимінде барлық банктік транзакцияларға талдау жасайды, күдікті операцияларды анықтайды және қажет болған жағдайда киберқауіпсіздік саласындағы оқиғаларды тергеудің арнайы тетіктерін іске қосады. Бүгінгі таңда киберқауіпсіздік бойынша бағыт біздің банктің дамуындағы ең маңызды топ-10 бағыттың қатарына кіреді, ал Директорлар кеңесі «2018-2020 жж. арналған киберқауіпсіздік стратегиясын» бекітті», - дейді М.Садықов.

Қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету және телефондық алаяқтық пен кибершабуылдарға қарсы тұру үшін банкте BI.ZONE Cloud Fraud Prevention инновациялық шешімі қолданылады. Атауынан көрініп тұрғандай - оның басты функционалы алаяқтық операцияларды алдын-ала болдырмаумен негізделеді. Оның негізінде әртүрлі арналар арқылы төлемдерге мониторинг және талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жылдам және икемді технологиялық шешім жатыр. Шешім барлық нақты уақыттағы төлемдерді автоматты түрде тексереді және машинаны оқыту технологиясын қолдана отырып, жалған транзакцияларды анықтайды, оларды бұғаттайды.

Қауіпсіздік департаменті директорының орынбасарының айтуынша, шешімнің тиімді болғаны соншалықты, тіпті банк қысқа мерзім аралығында клиенттердің кибералаяқтықтан қорғалу деңгейін едәуір арттыра алды, оқиғаларға жауап беруге қатысатын персонал жүктемесін едәуір төмендетіп, сәйкесінше осы процестегі қол еңбегінің үлесін азайтты.

Қабылданған шаралар осы уақытқа дейін Сбербанк Қазақстанда киберқауіпсіздікті бұзудың бірде-бір елеулі жағдайының тіркелмегеніне ықпал етеді, соның арқасында банк нарықтың ең сенімді қаржы институттарының бірі болып саналады.

Поделиться


Алматы