Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанкпен бірге шыңға шығамыз

Бүгінде көп компания пандемияның салдарынан қиындыққа ұшырап, өндіріс пен штатын қысқартуға, филиалдары мен бөлімшелерін жабуға мәжбүр болып отыр. Дегенмен енді бірі одан әрмен кеңейіп, жаңа инвестициялық жобаны қолға алып жатқаны туралы жаңалықтар көңілге қуаныш сыйлайды. Өйткені бұл дегеніміз жұмыс орнының көбейіп, бюджетке пайда түсіп, экономиканың дамуына оң әсер береді деген сөз. «Масло-Дел» болса, 2021 жылы Сбербанк Қазақстанмен бірлесіп Петропавлдағы сүт зауытын жаңғыртудың үшінші кезеңін өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Осыдан 20 жылдай уақыт бұрын алматылық кішігірім компания сүт және май өнімдері өндірісін қолға алуға бекінген кезде күмәнмен қарағандар көп болған. Өйткені 90-жылдардағы жағдайдың мәз емес болғаны бәріне белгілі. Десек те, бұл шешімнің қаншалықты дұрыс болғанын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Ал қазіргі таңда компания ірі зауытқа айналып, өнімдері еліміздің әр дүкенінің сөресінен табылатын болды. Үлкен супермаркеттен болсын, үй жанындағы кішігірім дүкеннен болсын оның өнімдерін көз шалады.  Қызыл және қызғылт-сары түсті «МД» деген екі әріптен тұратын логотип елге танылып, сапаның белгісіне айналды.

Майдан бастап, біртіндеп өнімдердің түр-түрін жасауға көшкен «Масло-Дел» бүгінгі таңда кілегейлі және өсімдік майларына қоса өндірістік мақсаттағы маргарин, майонез, кетчуп, қызанақ пастасы, ұзақ сақталатын сүт, қоюлатылған сүт сынды жүзден астам өнім шығарады.

Осы ретте бұған Сбербанк Қазақстанның көмегі көп тигенін атап өту қажет.

- Біз алғашқы күннен бастап сүт және май саласын дамытуға бел будық. Қолымыздан келді. Бірақ «сүт» жағы біраз артта қалып жатқаны сезілді. Сондықтан зауытты модернизациялап, жаңа жабдықтар сатып алып, осы істі жолға қоямыз деп шештік. 2016 жылы нарықты дұрыстап зерттей келе ең жақсы шарттары бар Сбербанк Қазақстанмен жұмыс істейміз деп шешім қабылдадық, - дейді «Масло-Делдің» қаржы директоры Айдын Тастанбеков. - Бұрын біз басқа қаржы институтының қызметін қолданатынбыз. Бірақ ә дегеннен Сбербанкпен серіктестік барысында  бизнес жүргізудегі олардың еуропалық стилі, жылдамдығы, пайыздық мөлшерлемелері мен қайтарым мерзіміне қатысты тиімді шарттары, кепілді бағалауы — бәрі ұнады. Соның ішінде технологиялық тұрғыдан тиімді тәсіл — келісімшарттарға электронды қол қою мүмкіндігін атап өткіміз келеді. Ол уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Соңында Сбербанктегі несиелерімізді алдымен біртіндеп, кейін толықтай қайта қаржыландырдық.

Сбербанктің несие желісі арқылы «Масло-Дел» Петропавлдағы сүт зауытын жаңғыртып, пастерленген сүт өндірісінің желісі сатып алдынды. 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаның жалпы сомасы 7 млрд теңге болса, оның 30 пайызын Сбербанк қаржыландырды.

Одан бөлек, өсімдік майларын гидрогендеу бойынша жоба жүзеге асырылды. Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында дәндерді қабылдау, сақтау және өңдеу бойынша зауыт жаңғыртылды.

Осының арқасында «Масло-Дел» «Петропавловское» және «MilkВо!» сауда белгілерінің сүт өнімдерін Қазақстанда көш бастап отыр. Нарық үлесі 10 пайыздан 27 пайызға ұлғайды. Сондай-ақ, май мен спред, қоюлатылған сүт өндірісі бойынша да көшбасшы болып, нарықтың 45 пайызын қамтамасыз етіп отыр.

Жаһандық өндіруші «Масло-Дел» Қазақстанда шикізат майын өндіруден де бірінші орында. Бүгінде Ресей, Қытай, Еуропа елдерімен экспорт жолға қойылған. Бұл жеткен белеспен компанияның толастар түрі жоқ.

- Бұдан әрмен кеңеюді көздеп отырмыз. Бұл мақсатты Сбербанк Қазақстанмен бірге орындаймыз. Өйткені бұл — табысқа жеткізетін серіктестік, - дейді Айдын Тастанбеков.

Поделиться


Алматы