Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Бір ғана қимылмен төлем жасау

04 қараша 2020 ж., Алматы қ. Шағын бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер.

Жақында VISA төлем жүйесі бүкіл әлем бойынша Tap to Phone (телефонды түрту арқылы төлем жасау) функциясы арқылы сатушылар үшін төлем қабылдауды түрлендіретінін жариялады.

Бұл технологияның мәні неде? NFC функциясы  (сымсыз деректерді беру) бар кез-келген Android құрылғысының иесі оны қосымша жабдықты қажет етпей, жанасусыз төлем терминал ретінде қолдана алады, бұл COVID-19 дәуірінде өте маңызды болып келеді. Visa мәліметтері бойынша, телефонды түрту арқылы төлемдер жасау саны өткен жылмен салыстырғанда 40% - ға өсті.

Өткен жылы қызметті пилоттық іске асырғаннан кейін Visa 15-тен астам елде өнімнің қолжетімділігі туралы жариялады. Бұл ретте Қазақстанда Сбербанк SoftPOS жанасусыз төлемдер технологиясын іске қосқан алғашқы қаржы ұйымы болды.

Осыдан жарты жыл бұрын, сәуір айында SberPOS мобильдік қосымшасы біздің отандастарымыз үшін қолжетімді болды, осылайша ол цифрлық экономикаға қолжетімділік және төлемдерді кез келген жерде және кез келген уақытта қабылдау есебінен ақша ағынын жақсарту арқылы шағын және микро кәсіпорындар үшін елеулі қолдау көрсетті. Осы уақыт ішінде қосымшаны 600-ге жуық адам орнатты. Егер басында төлемдер тек Master Card карталарымен жүргізілсе, жаздың басында операциялар VISA карталары үшін де қолжетімді болды.

Пайдаланушылар SberPOS қосымшасының басты артықшылықтарының бірі ретінде мынаны атап көрсетті – әдеттегі «посты» пайдаланғаны үшін абон.төлем орта есеппен айына 3 мың теңгені құрайды, ал Сбербанк шоты немесе корпоративтік картасы болса, кәсіпкер өзінің смартфонында SberPOS тегін орнатып, процессингтік жүйеге қосыла алады.

Тағы бір артықшылығы SberPOS бизнесмендерді қымбат жабдықты сатып алудан құтқаруы болып табылады, сонымен қатар қосымшаны пайдалану кезінде қағаз чегін беру үшін қағаз қажет емес, оны карта ұстаушыға e-mail оңай жіберуге, сондай-ақ кез-келген кезеңде жүргізілген операциялар туралы есептер алуға болады. Сонымен қатар, ыңғайлы интерфейсі бар қосымша пайдалануда оңай бола отырып, транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жанасусыз төлемдерді қабылдау (карталар, Apple Pay, Samsung Pay және басқа PAY-сервистер) 24/7 жүзеге асырылады. Қосымшада классикалық POS-терминалға ұқсас барлық операциялар қолжетімді.

Visa бағалауы бойынша, бүкіл әлемде 2 миллиардтан астам Android құрылғысы төлемдерді қабылдау құрылғыларына айналуы мүмкін.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.07.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы