Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк білімге жол ашады

           13 қараша 2020 ж., Ақтау қ. Сбербанк Қазақстан Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында алғашқы жекеменшік мектеп-гимназиясын ашу жобасын қаржыландырды. 

           Иманбектер отбасы - Қытайдан қоныс аударған. Ерлі-зайыпты Ислам мен Шолпан төрт бала тәрбиелеп отыр. Оларды мектепке орналастыру ата-ана үшін өзекті мәселе. Себебі аймақта бала санының көп болуына байланысты мемлекеттік мектептер үш аусымда оқиды. Сондықтан Иманбектер жанұясымен бірге, жалпы мұнайлықтар үшін Атамекен ауылында заманауи стандарттарға сай жабдықталған жаңа "Smart Ilim" мектебінің ашылуы үлкен сыйлық болды. Ең бастысы - аталмыш білім ошағында оқу тегін, барлық шығынды құрылтайшы өз мойнына алған.

«Балаларымыздың ғылым жолын осындай керемет оқу орнынан бастауға мүмкіндік алғанына өте қуаныштымыз. Мектепте алған білім олардың әрі қарайғы оқудағы және қызметтегі жетістігіне бастау болады», - дейді Шолпан.

           Жалпы ауданы 3235 шаршы метрді құрайтын мектеп-гимназия 3 қабаттан тұрады. Онда 55 ұстаз және 15 техникалық маман жұмыс істейді. Оқу орнында балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған - сыныптар қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған, компьютерлік және лингвистикалық кабинеттер, спорт залы, музыкалық зал, медициналық кабинет және т.б. бар. 
Мектеп 525 балаға арналған, яғни екі аусымда 1050 оқушы оқиды.    
Оқу орнын ашу жобасын "Бизнестің жол картасы -2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Сбербанк" АҚ ЕБ қаржыландырды. Кредит бойынша жылдық мөлшерлеме 13%-ды құрайды, оның 6,5%-ын клиент төлейді, қалған 6,5%-ын мемлекет субсидиялайды.

 
«Бұл жоба аудан үшін орасан зор маңызға ие, сол себепті қатысқанымызға қуаныштымыз. Біздің клиентіміз бен мемлекеттің қолдауының арқасында жүздеген бала жайлы жағдайда білім алуға алғашқы қадамын жасайды», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары  Александр Титов

Ақпарат үшін: 

«Сбербанк” АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді. 01.10.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда "Сбербанк" АҚ ЕБ-нің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі - филиал. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы