Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Дауылды күтпей

Сбербанк клиенттерді кибералаяқтардан қорғау үшін бірегей шешімдерді қолданады

Клиенттердің дербес деректерімен және ақшалай қаражаттарымен жұмыс істейтін кез келген компанияда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Бұл барлық қаржы институттары, соның ішінде банктер үшін де өзекті.

Кибер-тәуекелдерді бастапқы кезеңде анықтау - корпоративтік киберқауіпсіздікті құру кезінде компанияның ең маңызды және күрделі міндеттерінің бірі. Барлық сервистерге жай ғана екі факторлы авторизацияны орнату жеткіліксіз. Ықтимал алаяқтық шабуылдардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру өте маңызды – денсаулықты сақтау сияқты бұл мәселеде алдын-алу жұмыстары маңызды болып табылады - себебі емдеуден гөрі алдын-алу оңай.

Мұны, мысалы, Сбербанкте жасайды. Мұнда ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне әрдайым ерекше назар аударылған, ал коронавирус пандемиясына байланысты ол тіпті күшейе түсті. Өйткені онлайн және цифрлық трансформацияға көшу кибер-тәуекелдер мен сервистердің техникалық ақауларын қоса алғанда, көптеген жаңа тәуекелдердің кең спектріне алып келді.

«Сбербанк» АҚ ЕБ киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылары осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

Проактивтілік

Жоғарыда айтылғандай, Сбербанк алдын-ала жұмыс істеуді және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешуді жөн көреді, осылайша алаяқтардың кез келген әрекетін алдын-ала тоқтатады, бұл мұндай жағдайлардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді және оны айқын сандар растайды. Егер 2019 жылы «Сбербанк» АҚ ЕБ-де апта сайын клиенттердің шоттарынан ақша қаражатын заңсыз шығарудың 150-ден 200-ге дейін әрекеті тіркелсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 10 есе төмендеді.

Банктің Қауіпсіздік қызметі мамандарының айтуынша, негізгі қауіптер әлеуметтік инженерия болып қала береді, оның көмегімен алаяқтар құрбандарды телефон немесе SMS арқылы ақша аударуға көндіреді, деректердің таралуы, сондай-ақ банк жүйелеріне бағытталған шабуылдар да негізгі қауіптер болып саналады. Сбербанктегі киберқорғанысты қамтамасыз ету мәселесі ең жоғары басымдыққа ие, өйткені банктер экономиканың дамуына және өмір сапасына тікелей әсер ететін ресурстармен жұмыс істейді.

Осы мақсатта Сбербанкпен Кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық (КҚО) құрылды, ол тәулік бойы 24/7 режимінде жеке тұлғалар үшін онлайн банкингтегі транзакцияларға талдау жүргізеді, күдікті операцияларды анықтайды және қажет болған жағдайда кибералаяқтықты тергеудің арнайы тетіктерін іске қосады.

Бірегейлік

Қауіпсіздікті талдау бойынша сараптама жоғары дамыған, классикалық компьютерлік криминалистика әдістері де, тәжірибе де белсенді қолданылады, мамандар үнемі қауіптерді іздейді, ақпаратты қорғау құралдарынан сигналдарды күтпей, осылайша қауіпсіздік оқиғаларын қолмен талдайды.

Киберқауіпсіздік мониторингінің классикалық тәсілін қауіптерді проактивті іздеу тәжірибесімен ұштастыру зиянкестер дәстүрлі қорғаныс құралдарымен анықталмайтын жаңа техника мен құралдарды пайдаланған кезде күрделі қауіптер мен мақсатты бағытталған шабуылдарды уақытылы анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ банкте бірегей эшелондалған шешім енгізілген, соның арқасында кез келген алаяқтық операцияларды алдын ала болдырмауға болады. Клиенттерді қорғау жүйесі жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын қолданады, барлық төлемдерді нақты уақыт режимінде тексереді және алаяқтық транзакцияларды анықтаған кезде - оларды бұғаттайды.

Қабылданған шаралардың арқасында Сбербанк нарықтағы ең сенімді қаржы институттарының бірі болып саналады және оның клиенттері өз қаражатының сақталуына сенімді бола алады.

Поделиться


Алматы