Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан CCGuru Awards / Хрустальді Гарнитура® 17-ші халықаралық номинациялау бағдарламасының финалисті

CCGuru Awards | Хрустальді Гарнитура® - клиенттерге қызмет көрсету және байланыс орталықтары индустриясындағы үздік жобаларды марапаттайтын жыл сайынғы сыйлық. Оны нарықтың барлық қатысушылары мойындайды және клиенттермен қашықтықтан байланыс орнату саласындағы "Оскар" түрі деуге болады.

Номинациялау бағдарламасына (74 номинация) Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Украинаның 100-ден астам байланыс орталықтарынан 330-дан астам үміткер қатысқан.

2021 жылғы 23 наурызда Мәскеуде ССGuru Awards Хрустальді Гарнитура® халықаралық бағдарламасының финалистерінің есімдерін жариялау және лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша қазылар алқасы 158 финалист пен 111 лауреатты анықтады. Олар байқауға өз жобаларын және бағдарламаларын, сондай-ақ басшыларды, менеджерлерді, жаттықтырушыларды, сатушыларды және байланыс орталықтарының операторларын ұсынды.

"Сбербанк" АҚ ЕБ (Қазақстан) «Автоматтандырылған, роботтандырылған өзара әрекеттесудің үздік клиенттік тәжірибесі» және «Клиенттерді талдау, зерттеу және түсінудің үздік тәжірибесі» атты екі номинацияға қатысып, финалист атанды. Бұл номинацияларда Банктің екі ақпараттық жүйесі ұсынылды: Сабина дауыстық роботы (SABI — System Artificial Bank Intelligence) және Сөйлеу аналитикасы жүйесі (Speech Analytics Lab).        

Сабина (SABI) — клиенттерге орыс және қазақ тілдерінде телефон арқылы, мобильді қосымшаның чатында және Банктің сайттарында, соның ішінде Sberbusiness арқылы қызмет көрсететін екі тілді робот. Сабина клиенттерге банк өнімдерінің жалпы шарттары, өзіне-өзі қызмет көрсету қызметтері, Sberbusiness және СББОЛ пайдаланушыларының техникалық мәселелері бойынша кеңес береді, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету дауыстық қызметі, оның ішінде төлем картасын бұғаттау қызметтерін ұсынады. Атап айтқанда, Сабина клиентке, оның мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оңтайлы салымды оңай таңдай алады, әңгімелесу барысына және операторлардың Skill – дағдыларына (B2C немесе B2B, Telesales немесе Servise) байланысты операторлардың қажетті тобымен байланыстыра алады, клиенттің өтініші бойынша жоғалған немесе ұрланған төлем картасын дереу бұғаттай алады. Сабинаның енгізілуімен байланыс орталығының операторларына жүктелген жұмыс алғашқы айларда-ақ 26%-ға дейін азайды.

Сөйлеу аналитикасы жүйесі (Speech Analytics Lab) – телефон қоңырауларын жазу жүйесінен алынған және клиенттік тәжірибені басқару тиімділігі мен Банктің мінез-құлық моделіндегі өзгерістерге реакциясының жоғары құбылмалылығын қамтамасыз ететін жүйелендірілмеген деректерді (Data mining) интеллектуалды өңдеу жүйесі. 2020 жылдың соңына қарай қоңырауларды сөйлеу аналитикасы жүйесімен өңдеу үлесі 99,8%-ды құрады, бұл 4 бизнес-процесті оңтайландыруға және клиенттердің қалауын ескере отырып, 2 функционалдық қызметті жақсартуға мүмкіндік берді.

Мұндай шараға "Сбербанк" АҚ ЕБ алғаш рет қатысты және команда  мүшелері эссе қорғау және басқа да байқау сынақтарынан лайықты өтті. Бәсекелестеріне төтеп беріп, CСGuru Awards | Хрустальді Гарнитура ® 17-ші халықаралық номинациялау бағдарламасының финалисті атағын қорғап шықты.

Поделиться


Алматы