Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Мобильді қосымша арқылы Қытайға жедел аударымдар қолжетімді болды

Сәуір айында Орталық Азия өңірінде UnionPay картасына ақша аудару бойынша алғашқы транзакция жасалды

Сбербанк клиенттеріне СБОЛ мобильді қосымшасы арқылы Қытайға жедел аударымдар қол жетімді болды. Сбербанк Қазақстан UnionPay International халықаралық төлем жүйесінде сертификаттауды сәтті аяқтады және Қытайға UnionPay картасына ақша аудару бойынша транзакцияны жүргізді. ҚХР заңнамасының талаптарына сәйкес бір картаға бір аударым сомасы тәулігіне 5 000 USD дейін құрайды. Алушы жеке тұлға – ҚХР резиденті болуы мүмкін.

«Money Express өнімін енгізу қаржы жолын қысқартып, ақша аударымдарын жеделдете отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы жеке және іскерлік байланыстар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қытайға аударым жасау үшін сізге картаның нөмірі, алушының аты-жөні, сондай-ақ оның тұратын қаласы туралы ғана білу қажет», - деді Дмитрий Николин, UnionPay аймақтық өнімдерінің жетекшісі.

«UnionPay ХТЖ-мен ынтымақтастық Сбербанк үшін клиенттерге заманауи және ыңғайлы төлем өнімдерін ұсынуға бағытталған стратегиялық маңызды болып табылады. Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасында транзакциялық, кредиттік және депозиттік өнімдер, ал енді Қытайға UnionPay карталарына аударымдар қолжетімді», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Ельдар Тенизбаев.

«Сбербанк» АҚ ЕБ 2014 жылдан бастап UnionPay International халықаралық төлем жүйесінің толық құқықты қатысушысы болып табылады, UnionPay карталарын шығарады және банкоматтар мен POS-терминалдар желісінде қабылдайды.

* UnionPay International ХТЖ-де Орталық Азия өңірі келесі елдерді қамтиды: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Украина және Молдова.

UnionPay International (UPI) China UnionPay компаниясының еншілес компаниясы болып табылады, ол UnionPay жаһандық бизнесінің өсуі мен қолдауына бағытталған. Бүкіл әлем бойынша 2300-ден астам мекемелермен серіктестікте UnionPay International 180 ел мен аймақта карта эквайрингін және 67 ел мен аймақта эмиссияны қамтамасыз етеді. UnionPay International әлемдегі ең ірі карта ұстаушылар базасына жоғары сапалы, экономикалық тиімді және қауіпсіз трансшекаралық төлем қызметтерін ұсынады және жаһандық карта ұстаушылар мен UnionPay сауда-сервистік кәсіпорындарының өсіп келе жатқан саны үшін ыңғайлы жергілікті қызметтерді қамтамасыз етеді.

«Сбербанк» АҚ ЕБ Сбербанк халықаралық тобына кіреді, Қазақстанның қаржы нарығында 15 жыл табысты жұмыс істейді. 01.04.2021 ж. жағдай бойынша Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі бойынша 2-орын алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 110 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы