Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

KZ-CERT және Сбербанк кибер алаяқтық әрекеттің алдын алды

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Сбербанкпен бірге қазақстандықтарды мұқият болуға және киберқауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Банктің қауіпсіздік қызметі мен «KZ-CERT» компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің атын пайдалана отырып күдікті хабарламалар тарату жағдайлары болғанын анықтады.

Пайдаланушылар алаяқтардан банк атынан ұтыс ойыны немесе сауалнамаға қатысып,  кепілдендірілген жүлде ұтатындығы туралы жалған ақпараты бар сілтеме алады. Сілтемені басқанда ұтыс ойынына немесе сауалнамаға шақыратын хабарлама ашылады. Әрі қарай, алаяқтар әдеттегі жоспар бойынша әрекет етеді, яғни қолданушыдан WhatsApp мессенджерінде «достарымен бөлісу» сұралды. KZ-CERT сарапшылары зерттеу барысында, бұл әрекеттердің соңында пайдаланушы ұтысты алуы үшін міндетті түрде CVV \ CVC коды көрсетілген жеке және банктік деректерді енгізуі керек дербес деректері, банктік шоты мен карталарын жинауға арналған фишинг нысандарына бағытталатындығын анықтады. Интернет-ресурс «Интернеттегі фишинг» ретінде жіктеледі.  

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде фишингтік интернет-ресурсты жою туралы Шетелдік компьютерлік оқиғаларға әрекет ету және хостинг провайдерлер қызметіне хабарланды.

Өз кезегінде, «Сбербанк» АҚ ЕБ қазіргі уақытта өз есепшоттарын Интернетте қашықтағы банктік жүйелер арқылы басқаратын коммерциялық банктердің клиенттеріне қатысты алаяқтықтың өсіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, киберқылмыскерлер алаяқтықтың жаңа және күрделі түрлерін  ойлап табуда.   

Сбербанк тәулік бойы кибер шабуылдардың алдын алу және оларға қарсы жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ байқаулар, ұтыс ойындары және акцияларға қатысты ақпарат банктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында (көк белгісі бар) жарияланады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз барлық қазақстандықтарды домендік атқа (браузердің мекенжай жолағында) назар аударуға шақырамыз және егер күдікті интернет-ресурс байқалса, KZ-CERT мамандарымен хабарласуды сұраймыз:

  • Telegram-чат https://t.me/kzcert;
  • Электронды мекенжай: incident@kz-cert.kz.
  • https://cert.gov.kz/notify-incident сілтемесі бойынша «оқиға туралы хабарлау» барысы
  • 1400 тегін хабарласу нөмірі (тәулік бойы

Поделиться


Алматы