Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

ЕЛОРДАДА «СБЕРБАНК АЛЛЕЯСЫ» ПАЙДА БОЛДЫ

ESG (Environmental, Social, Governance) бағытын дамыту аясында, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай,  Сбербанк қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға үлес қосуға тырысады. Сондықтан, «Тұрақты даму» Жер қоры коммерциялық емес жастар ұйымы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 ағаш отырғызу туралы ұсыныспен жүгінген кезде, Банк бұл бастаманы қуана қолдады.

Өткен демалыс күндері Банк және қоғамдық қордың еріктілері мен қызметкерлері Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың аумағында «Сбербанк аллеясының» негізін қалады. Елорданың климаттық жағдайын ескере отырып, аязға төзімді бадамдарды отырғызу туралы шешім қабылданды. Бұл жергілікті ауа-райына жақсы бейімделген,  сондай-ақ үлкен пайдасы бар, гүлдеу кезеңінде керемет мелиферативті қасиеттерге ие, топырақ эрозиясына қарсы тұратын ағаш.  Тағы бұл тез өседі екен - Жер қорының жетекшісі Алан Бесеннің айтуынша, күтім жақсы жасалса ағаш бір жылда бір метр биіктікке өсе алады, осылайша елорда тұрғындары бір жылдан кейін жаңадан пайда болған аллеядағы ағаштардың гүлденуін тамашалай алады.

ESG стратегиясы аясында белсенді жұмыс істейтін Сбербанк елдегі экологиялық әл-ауқатты сақтауға бағытталған бастамаларды толығымен қолдайды. Осы қағидаларға сүйене отырып, Банк «жасыл» жобаларға ерекше назар аударады. Кеңселерде қоршаған ортаны ластаудың барлық түрлерін азайтуға бағытталған ресурстарды үнемдейтін технологиялар кешені енгізілді. Қызметкерлердің «сандық кеңселерге» көшуін барынша арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Банктің электронды құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңба жүйесі қағаз қолдануды едәуір азайтуға, сандық несие карталары және онлайн-төлемге көшу мүмкіндігінше пластмассадан бас тартуға мүмкіндік берді.

Банк қоршаған ортаны қорғау, сақтау және жақсарту қаржы институтының басты басымдықтардың бірі болып табылатындығын атап өтіп, осы бағыттағы қызметін жалғастыруға ниетті.

Поделиться


Алматы