Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк кәсіпкерлерге арналған бірегей қызметті іске қосты

Пандемия әлемді өзгертті, адамзаттың жылдам әрі мәжбүрлі түрде интернетке көшуіне әсер етті. Ол барлық салаға ықпал етті. Қазақстандық бизнес те белсенді түрде диджитал-ортаға еніп, клиенттер аудиториясымен онлайн байланыс орнатып, онлайн-сатылымдарды дамытты. Бизнес-процестердің  тиімділігін арттыруда кассалық операциялар мен шоттарды басқаруға көмектесетін құралдар маңызды рөл атқарады. Сол себепті қалыпты банктік деңгейдің шеңберінен шығатын ойластырылған тәсілдер қажет.

Сбербанк жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне көмектесу үшін СберБизнес қосымшасында жаңа қызметін іске қосты. Бұл қызмет «Сбербанк» АҚ ЕБ клиенттеріне үйден немесе кеңседен шықпай-ақ смартфондарында жеке кәсіптеріне шот ашуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе пандемия кезінде маңызды.  

СберБизнес-тің басты ерекшелігі - қызметті қолданудың барынша қарапайым және ыңғайлы болуы. Пайдаланушы Android және iOS платформаларында интернетке қол жетімді кез келген мобильді құрылғыдан өз ұйымының шоттарының жай-күйін басқара алады. Клиенттің қолында төлем тапсырмаларының барлық үлгілері, оларға қол қою және банкке жіберу мүмкіндігі бар. Жаңа клиенттерге шот ашу процесінің өзі жеңілдетілген, қарапайым және түсінікті. Шот ашқанда құжаттар пакетін ұсынудың қажеті жоқ. 

«СберБизнесті» жүктеу кезінде пайдаланушыға қосымша қызметтер қол жетімді. Мысалы, компанияның есепшоттары, онлайн-көшірмелер, валюта бағамдары, сондай-ақ жақын филиалдар мен банкоматтар тізімдері.

«СберБизнесті» дамыту барысында қосымшаны пайдалану қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Сбербанк басқа өнімдері сияқты, жаңа қосымшаны қолдану кезіндегі клиент және оның компаниясына қызмет көрсетуде толық қауіпсіздікке кепілдік береді. Пайдаланушы кез-келген уақытта қызметке қол жеткізу паролін өзгерте алады, ыңғайына қарай биометриялық сәйкестендіруді және электронды қолтаңбаны қолданса болады.  


Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 15 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.04.2021 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Банк Қазақстан Республикасында шетелдің қатысуымен ТОП-30 ең ірі салық төлеушінің қатарына кірді. 2020 жылы салық аударымдары 20 млрд. теңгеден асты. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 110 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

ДБ АО «Сбербанк» АҚ ЕБ БАспасөз қызмет

E-mail: press@sberbank.kz

Тел.: +7(727) 266 35 68

Поделиться


Алматы