Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Қаржы саласының цифрлануы: «Сбербанк» АҚ ЕБ сарапшысының пікірі

19 мамыр күні Алматы қаласында «CFO Idea Exchange & Networking Event» самиті өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын самитте Қазақстанның қаржы-экономика саласының топ-менеджерлері бас қосып, тәжірибе алмасады, жаңа идеяларымен бөлісіп, байланыс орнатады. Жиынға еліміздің қаржы институттарының өкілдері, танымал саясаткерлермен бірге «Сбербанк» АҚ ЕБ мамандары да қатысты.

Қазақстандық қаржы  саласын цифрландыру тақырыбында өткен панелдік пікірталаста сарапшылар цифрлық валютаны енгізу мүмкіндігін, қаржы секторын цифрландыру үрдістерін, жүйелердің дайындығын, қаржы институттары кездесетін қиындықтарды талқылады. 

 «Коронавирус пандемиясы қаржы институттарының ақпараттық жүйелері мен инфрақұрылымдарына тексеріс болды. Сонымен қатар, бұл қаржы нарығын цифрландыруға жаңа серпін беріп, барынша жылдам болуға итермеледі.  Дейтұрғанмен қазақстандықтар көп қолайсыздық сезінген жоқ деп ойлаймын, себебі біздің қаржы секторымыз технология тұрғысынан көп нәрсеге дайындығын көрсетті.  Жалпы нарықпен салыстырғанда қаржы секторы барынша цифрландырылған», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Ғабділ-Мәжитұлы Тасқаранов өз сөзінде.

Нұрсұлтан Тасқарановтың пікірінше, цифрлық валютаны енгізу нарыққа пайдалы болмақ, ал цифрлық теңге тұтынушылардың өмірін жеңілдететін құралға айналады. «Егер өмір жеңілдеп, көптеген нәрсе жылдам, арзан және ыңғайлы бола бастаса, нарықтың өзі бұл технологияны қажет етеді және оны күнделікті өмірде қолдана бастайды», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ цифрландыру банктерге мәжбүрлі кедергілерді ысырып, клиенттерге онлайн-қызметтерді ұсынуды жеңілдететіндігін атап өтті. Қызметті тұтынған азаматтар біршама жеңілдіктерге ие болды, мысалы, Сбербанкте онлайн режимде несие алатын азаматтардың саны артты, қазір бұл жеке тұлғалар арасындағы клиенттердің үштен бірінен астамын құрайды.

Қаржы секторын цифрландыруды ілгерілетудегі қиындықтарды талқылай келе, қатысушылар негізгі үш бағытты атап өтті: білікті IT мамандардың жетіспеушілігі, мұрағатты электронды форматқа көшіру қажеттілігі және мәліметтер базасына қатысты мәселелер. 


Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 15 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.04.2021 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Банк Қазақстан Республикасында шетелдің қатысуымен ТОП-30 ең ірі салық төлеушінің қатарына кірді. 2020 жылы салық аударымдары 20 млрд. теңгеден асты. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 110 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы