Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк «Бизнестің жол картасы-2025» аясындағы жобаларды қаржыландыруды жалғастыруда

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Сбербанк Қазақстан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялар мен кепілдіктер беру туралы 2021 жылға арналған қосымша келісімге қол қойды. 


Сбербанк екінші деңгейлі банктердің алғашқысы болып шағын және микробизнесті несиелендіру бағытында өтінімдер қабылдау мен қаржыландыруды қайта бастады. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу Сбербанк қызметінің маңызды бағыттарының бірі, өйткені бұл жоба еліміздің экономикалық саясатына жауап береді және экономика секторын қол жетімді несиелік ресурстармен қамтамасыз етеді.  


«Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 2020 жылға арналған негізгі міндеттерінің бірі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірге шағын және микро бизнес сегментіндегі отандық кәсіпкерлерді қолдау болды. Пандемия кезінде айналым капиталын 5 миллион теңгеге дейін толықтыру, сондай-ақ сыйақы бөлігін субсидиялай отырып, 20 миллион теңгеге дейінгі кәсіпкерлікті дамытуға кепілсіз несие беру қызметі мыңдаған қазақстандық кәсіпкерлер үшін қиындықтан шығу жолы болды.


2020 жылдың қазан айынан бастап, яғни кепілсіз несие бағдарламасы іске қосылған күннен 874 жеке кәсіпкер, 143 ЖШС, 3 шаруа қожалығына несие берілді. Сонымен қатар айналым қаражатын толықтыруға - қосымша тауарлар сатып алу, кассалық алшақтықты жоюға 706 несие рәсімделген. Инвестициялар үшін 314 несие, оның 17-і көлік сатып алуға, 8-і коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға және 289 несие өндірістік қондырғыларды сатып алуға, жөндеуге, коммерциялық үй-жайларды қайта салуға және басқа инвестицияларға берілді. 


«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарыз алушыларға пайыздық шығыстардың бір бөлігі үшін субсидиялар ұсынылды, осылайша бұл несиелер бойынша жылдық мөлшерлеме 6% -дан аспады.


Тағы «Даму» қоры осы несиелік өнім аясында кепілдің басқа түрлерін көздемейтін кепілдік береді. Бұл дегеніміз, қарыз алушыға қаржы алу үшін кепіл ретінде басқа активтерді іздеудің қажеті жоқ.


- Бұл өнім шағын бизнесті қолдау үшін жасалған, өйткені дәл осы сала коронавирус пандемиясы кезінде көп зардап шекті. Біз өз кезегімізде қазақстандық кәсіпкерлерге, демек, ел экономикасына көмектесуге тырысамыз. Өтінімдердің статистикасы да таң қалдырады, өйткені біз қазан айында кепілдендірілмеген несиелік өнім бойынша кредит беруді бастап, желтоқсанның соңғы күндерінде мыңыншы қарыз алушыға қызмет көрсетіп, межеге жеттік. Бұл шағын кәсіпкерліктің жоғары әлеуеті және отандық өндіріс дамып келе жатыр деген сөз», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Тенизбаев.


Қаржыландыруды пайдалану үшін сілтеме бойынша өтінім қалдыра аласыз.

 

Поделиться


Алматы