Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Новосібірдегі «Школа 21»: іріктеудің негізгі кезеңдері басталды

Новосібірде «Школа 21» мектебінде бағдарламау бойынша білім алуға іріктеудің негізгі кезеңі басталды. Алғашқы 500 талапкер төрт апталық дайындық сабағына кірісіп кетті, оның нәтижесінде талапкерлердің біраз бөлігі негізгі оқуға қабылданады. 

«Школа 21» — Сбер ұсынып отырған бағдарламау бойынша білім беретін мектеп, іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен, жасы 18-ге толған кез келген үміткер ақпараттық технологиялар саласында сұранысқа ие білімді тегін ала алады. Бүгінгі таңда Ресейде аталған мектептің екі кампусы, яғни, Мәскеу және Қазан қалаларында өз жұмысын бастады. Оқытудың астарында керемет әдістемелер жатыр — «тең теңімен»: мұғалімсіз, лекцияларсыз және бағасыз, тек берілген жобалармен жеке немесе ұжым болып жұмыс атқару.

Сәуір айынан бастап жазғы дайындық сабақтарына 30 мыңнан астам өтінім келді және оның 2000-нан астамы алғашқы қабылдау күні-ақ түсті. Олардың ішінде      75%-ы Новосібір және облыс тұрғындары болса, қалған 25%-ы Ресейдің басқа да аймақтарынан келген талапкерлер. Барлығы үш іріктеу кезеңі жоспарланып отыр: 12 шілдеден бастап, 9 тамыздан бастап және 6 қыркүйектен бастап. Дайындық сабақтары төрт аптаға созылады — бұл негізгі іріктеу кезеңі, осыдан кейін «Школа 21» мектебінде білім алатын 500 адам іріктеліп алынады. Қатысушылар бағдарламалауды басынан бастап оқуға және күн сайынғы тапсырмаларды  орындауға бар күш-жігерлерін салатын болады.

Былтыр «Школа 21» бағдарламасында қазіргі уақытта нарықта сұранысқа ие болып жүрген Python DS, Java, SQL, Go сияқты бағдарламалау тілдері бойынша жаңа білім беру тректері әзірленіп, бағдарламаға енгізілді. Жақын арадағы жарты жылда білім берудің тағы да бірнеше тармағы, соның ішінде болашақ аналитиктер мен тестілеушілер, сондай-ақ медицинада Data Science үшін жаңа бір бағыттар ұсыну жоспарға алынды.

 

Мәскеу және Қазан қалаларынан кейін ʺШкола 21ʺ мектебінің Ресейдің ғылыми астанасы болып саналатын Новосібірде ашылуы тегін емес. Аймақтағы экономиканың түрлі салаларының сандық жүйеге көшуі және ақпараттық технологиялар саласы лайықты деңгейде. Тұрғындардың арасынан ʺШкола 21ʺ мектебінде білім алуға деген аса қызығушылықты байқадық, мұны берілген өтінімдердің саны айғақтайды. Орындар өте тез азаятындықтан, білім алуға құлшыныс білдірушілер, жоспарларыңызды кейінге қалдырмай, жаңа сұранысқа ие мамандықтың иесі атаныңыздар. Басқа аймақтардан келген оқушылар үшін негізгі оқу жылында тегін жатақхана ұсынылады. Новосібірдегі мектеп 2021 жылдың күзінде ашылады. ʺШкола 21ʺ жылына 500 әзірлеуші дайындап шығаруды көздеп отыр және қазіргі уақытта негізгі оқу сабақтарына студенттерді іріктеуді бастап кетті.

 

Светлана Инфимовская

«Школа 21» директоры

 «Школа 21» мектебінде білім тегін беріледі. Мектепке қабылдану үшін студенттің бұрынғы алған білімі, БМЕ нәтижелері, жұмыс тәжірибесі, бағдарламалау қабілеті, және дипломның болуы маңызды емес. «Школа 21» 24/7 режимінде ашық және қатысушылар жеке білім алу тізбегін негізге ала отырып, өзінің оқу кестесін жасайды. Өзге қалалардан келген студенттер оқу барысында жатақханада тегін тұрады.

 

18 жасқа толған, іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен кез келген адам «Школа 21» мектебіне қабылданады.

 

Новосібір қаласындағы жазғы дайындық сабақтарына өтінімді 2021 жылғы 1 тамызға дейін http://www.21-school.ru сайтында қалдыра аласыздар.

 


Баспасөз қызметі

media@sberbank.ru

 

Сбербанк ЖАҚ — Ресейдегі ең ірі банк және жетекші қаржы институттарының бірі болып табылады. Сбербанктің үлесінде бүкіл ресейлік банк секторы активтерінің шамамен үштен бір бөлігі бар. Сбербанк ұлттық экономика үшін негізгі кредитор болып саналады әрі салымдар нарығында ауқымды үлеске ие. Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі атынан Ресей Федерациясы – Сбербанк ЖАҚ-ның негізгі акционері, оның үлесінде Сбербанк ЖАҚ-ның жарғы капиталының 50%-ы және оған қоса 1 дауыс беруші акция бар. Жарғылық капиталдың қалған 50%-ына, минус 1 дауыс беруші акцияға ресейлік және халықаралық инвесторлар иелік етеді. Сбербанктің қызметіне әлемнің 18 еліндегі клиенттер жүгінеді. Банк Ресейдегі ең ауқымды филиалдық желіге ие: оның шамамен 14 мың қызмет көрсету орыны бар. Банктің шетелдік желісі Ұлы Британия, АҚШ, ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Үндістан, Қытай және басқа да елдердегі еншілес банктерден, филиалдардан және өкілдіктерден тұрады. Ресей Банкінің банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген 11.08.2015 жылғы № 1481 бас лицензиясы. Банктің ресми сайттары: www.sberbank.com (Сбербанк Тобының сайты), www.sberbank.ru.

2020 жылы Сбербанк ребрендинг өткізді және жеке, корпоративтік клиенттерге банк пен Сбербанк Тобындағы компаниялардың қаржылық және қаржылық емес қызметтерін ұсынады. Бүгінгі таңда Сбердің экожүйесі өмірімізге арналған көптеген сервистерден құралған, экожүйе – жеке клиенттердің, сондай-ақ бизнестегі маңызды мәселелерді шешуге қатысты күнделікті көрсетілетін көмек. Сбердің экожүйесінің сайты — www.sber.ru.

Поделиться


Алматы