Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Батырманы бір-екі рет қана басып, ЖШС-ның есептік шотын онлайн ашуға болады

Сбербанк кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету арқылы өзінің онлайн сервистерін де дамытуда. Банк жаңа қызмет түрін ұсынып отыр, енді ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы және басшысы болып табылатын Қазақстанның әр резиденті «СберБизнес» мобильді қосымшасында банктік шот аша алады.  Ресімдеу жұмысы толықтай онлайн түрде жасалады, не бары 5 минутыңызды алады.   

Әлем қарқынды даму үстінде. Көптеген компаниялар жұмыстың онлайн түріне көшсе, ал қызметтер батырманы бір-екі рет қана басу арқылы қолжетімді. Бүгінгі таңда заңды тұлғаның есептік шотын тіркеу үшін ұзын-сонар кезекте тұрудың, банктің бөлімшесіне барудың немесе құжаттар пакетімен курьерді күтудің қажеті жоқ. Пандемия бизнестің ілгері дамыған әрі көп уақытты талап етпейтін режимге өтуіне түрткі болды. Барлығы біздің қолымызда, яғни, қолымыздағы телефонда.

Жеке бизнес иелері үшін бизнес барысын бақылауда ұстау және ақша операцияларын басқарып отыру өте маңызды. Бұрын «Сбербанк» АҚ ЕБ кәсіпкерлердің қажеттіліктерін ескеріп, «СберБизнес» қосымшасында ЖК үшін есептік шоттар ашу сервисін сәтті түрде таныстырған болатын. Пайдаланушылар шот ашудан бөлек, бірқатар қосымша ақпараттық сервистерді де алған болатын. Жүздеген пайдаланушылар оның тиімді әрі ыңғайлы сервис екенін растады. Қазіргі уақытта шотты онлайн ашу сервисі ЖШС басшылары үшін де қолжетімді. 

Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, барлық қажетті құжаттарды жинауға көп уақыт жұмсалатынын, банкте кезекте тұру керек екенін, содан кейін барлығы дайын болғанша күту қажет екенін жақсы білесіз. Және мұның барлығына бір күн жеткіліксіз! Бүгінде барлығы барынша жеңілдетілді. Енді банкке барудың, тіпті үйден шығудың қажеті жоқ. Оның орнына шотты санаулы минутта ғана ашуға болатын сервисті пайдалануға болады. Сбербанк өзінің клиенттеріне «СберБизнес» қосымшасында осындай мүмкіндікті беріп отыр.

Егер бұрын кәсіпкер есептік шотты ашуға онлайн-өтінім берсе де, құжаттарға өзі барып қол қою керек болса, ал Сбербанктің сервисінде барлық ресімдеу жұмыстары онлайн жүргізіледі, не бары 5-6 минутыңызды алады. Ойлап қараңызшы, енді ЖШС шотын қай жерде жүрсеңіз де ашуға болады! Қандай да бір күш салудың, салымдар жасаудың және оған арнайы бір күн бөлудің еш қажеті жоқ. Бұл – адамдардың өз денсаулығына ерекше күтіммен қарайтын, уақыттың құндылығын сезінетін пандемия уақытында табылған ақыл. Енді құжаттар жинау үшін кем дегенде бір күніңізді үнемдеп қаласыз, оның үстіне өзіңізді және жақындарыңызды COVID-19 вирусын жұқтырып алу қаупінен сақтайсыз.

 

Бұл қалай жұмыс істейді? Реттік нұсқаулық:

         1-қадам. «СберБизнес» қосымшасын жүктеп алып, ЖСН, телефон нөмірін және бір реттік парольді енгізіңіз.

         2-қадам. Биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз.

         3-қадам. Ерекше пароль ойлап табыңыз. Өзіңіздің e-mail-іңізді растаңыз.

         4-қадам. Жеке басыңызды куәландыратын құжатты екі жағынан сканерлеңіз.

         5-қадам. ЖШС тіркеуге алынған қаланы енгізіңіз. Бір ғана батырманы бассаңыз, электрондық сандық қолтаңба шығады, құжатқа қол қоясыз. Дайын! Сіздің ЖШС шотыңыз бар.

         Қуантарлық бонус – құжаттар жинап машақатқа түспейсіз, жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз болса жеткілікті. Аталған қызмет бойынша бір ғана талап – пайдаланушы ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы және басшысы, сондай-ақ Қазақстан резиденті болуы тиіс. Артықшылығы – пайдаланушы шоттарын интернетке қосылған кез келген мобильдік құрылғы арқылы қадағалай алады. Мысалы, жолда кептелісте тұрған сәтте шұғыл түрде есеп беру керек болса, қосымшаға кіресіз де, батырманы бір-екі рет басып мәселеңізді тез арада шеше аласыз.

Шот ашу қызметі банктің клиенттеріне ыңғайлы болу үшін барынша жеңілдетілген әрі тегін. Сонымен қатар мобильді қосымшаны жүктегеннен кейін және онда шотты тіркегеннен соң пайдаланушы «СберБизнес» қосымшасының веб-нұсқасы арқылы да өзінің жеке кабинетіне кіре алады. Кез келген уақытта сәйкестендіруді және ЭСҚ-ны пайдалану арқылы пароліңізді ауыстыра аласыз, бұл деректердің толық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Операциялардан бөлек, пайдаланушыға барлық қосымша сервистер қолжетімді. Мысалы, компанияның шоттары бойынша ақпараттарды, үзінді көшірмелерді онлайн режимінде алу, шоттарды төлеу, салық қызметі үшін қажетті деректерді беру, корпоративтік карталарды онлайн шығару, «Электрондық чек» қызметі арқылы қолма-қол ақшаға онлайн түрде тапсырыс беру, алу және тағы да басқа қызметтер. Кәсіпкерлер барлық қызмет түрлерін бір ғана қосымшада онлайн түрде ала отырып, уақыттарын үнемдеп қана қоймай, жүйкелерін де жұқартпайды.

Поделиться


Алматы