Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбер Ресейге келгісі келетін шетелдіктер үшін гид әзірлеп шығарды

Жыл сайын Ресейге мыңдаған шетел азаматы жұмыс істеуге және білім алуға келеді. Бұл ретте заңдастыру жүйесі оңай емес, білім мен дайындықты талап етеді. Сбер зерттеу жүргізіп, нәтижесінде шетел азаматтарының шешім қабылдаған сәттен бастап Ресейдегі өмірі басталғанға дейінгі көшу жұмыстары туралы ақпаратты бірыңғай ыңғайлы дереккөзінен алғысы келетінін анықтады.

Сбер «Шетелдіктерге арналған гид» ақпараттық парақшасын ойлап шығарды, ол жерден Ресейге басқа елдерден келетін жұмыс істеушілер мен студенттер құжаттар ресімдеу, жұмыс пен тұрғын үй іздеу, банк картасын ресімдеу бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ төлемдер мен шетелге аударымдар жасау мәселесінің шешімін таба алады. Сонымен қатар гидте Сбер экожүйесінің сервистері туралы мағлұмат алуға болады, ал бұл болса, Ресейдегі өміріңізді барынша ыңғайлы әрі қызықты ете түседі.

Ресей аумағындағы көптеген шетелдік клиенттер Сбердің қаржылық қызметтерін ғана емес, басқа да сервистерін қолданады. Сбер тобы шетел азаматтары үшін арнайы өнімдер әзірлеп шығарады, банкоматтарға шетел тілін енгізеді, СберБанк Онлайн мобильді қосымшасында негізгі операцияларды қалай жүзеге асыруға болатынын айтады.

Енді кез келген елдің азаматы Сбер ұсынып отырған «Шетелдіктерге арналған гид» парақшасында Ресейдегі өмір туралы пайдалы ақпарат ала алады, бұл қызмет жақын арада ағылшын, өзбек, тәжік тілдерінде және клиенттердің басқа да ана тілдерінде қолжетімді болмақ.

Енді Ресейге келетін барлық шетел азаматтарында кез келген сәтте қызметіне жүгіне алатын қолжетімді ақпараттық ресурс бар, ол бойынша қай жерде тұруға, жұмыс істеуге болатынын, бос уақытты қалай жұмсауды, қаржыңызды қалай тиімді әрі қауіпсіз басқаруды білуге болады. Біз үшін бұл – әртүрлі шоғырдағы клиенттерге қолайлы жағдай жасау аясындағы маңызды жоба.

 

Мария Левицкая

Сбербанктің «Ерекше шешімдер» дивизионы директорының міндетін атқарушы

 


 

Баспасөз қызметі

media@sberbank.ru

 

Сбербанк ЖАҚ — Ресейдегі ең ірі банк және жетекші қаржы институттарының бірі болып табылады. Сбербанктің үлесінде бүкіл ресейлік банк секторы активтерінің шамамен үштен бір бөлігі бар. Сбербанк ұлттық экономика үшін негізгі кредитор болып саналады әрі салымдар нарығында ауқымды үлеске ие. Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі атынан Ресей Федерациясы – Сбербанк ЖАҚ-ның негізгі акционері, оның үлесінде Сбербанк ЖАҚ-ның жарғы капиталының 50%-ы және оған қоса 1 дауыс беруші акция бар. Жарғылық капиталдың қалған 50%-ына, минус 1 дауыс беруші акцияға ресейлік және халықаралық инвесторлар иелік етеді. Сбербанктің қызметіне әлемнің 18 еліндегі клиенттер жүгінеді. Банк Ресейдегі ең ауқымды филиалдық желіге ие: оның шамамен 14 мың қызмет көрсететін орны бар. Банктің шетелдік желісі Ұлы Британия, АҚШ, ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Үндістан, Қытай және басқа да елдердегі еншілес банктерден, филиалдардан және өкілдіктерден тұрады. Ресей Банкінің банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген 11.08.2015 жылғы № 1481 бас лицензиясы. Банктің ресми сайттары: www.sberbank.com (Сбербанк Тобының сайты), www.sberbank.ru.

2020 жылы Сбербанк ребрендинг өткізді және жеке, корпоративтік клиенттерге банк пен Сбербанк Тобындағы компаниялардың қаржылық және қаржылық емес қызметтерін ұсынады. Бүгінгі таңда Сбердің экожүйесі өмірімізге арналған көптеген сервистерден құралған, жеке клиенттердің және бизнестегі маңызды мәселелерді 

Поделиться


Алматы