Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк DNS желісінің Қазақстан нарығына шығуына қолдау көрсетті

Қыркүйек айының алғашқы аптасында Семей қаласында DNS ресейлік желісінің цифрлық және тұрмыстық техника сататын жаңа дүкені ашылды. Бұл – Қазақстандағы бесінші дүкен. Бұрын осыған ұқсас дүкендер Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Павлодар қалаларында ашылып, бүгінде сәтті жұмыс істеп тұр.   

DNS желісі Қазақстан нарығына қарқынды түрде енді, қазіргі таңда ол – тауар түрлерінің сан-алуандығының әрі баға мен сапаның жақсы үйлесімінің арқасында сұранысқа ие техника жеткізушілердің бірі.

Ресейде желі 2200-ден астам дүкеннен тұрады, ең ірі деген ритейл-компаниялардың ондығына кіреді. Қазақстанда DNS өз жұмысын «ДНС Казахстан» ЖШС еншілес компаниясы арқылы ұсынады. 

«Сбербанк» АҚ ЕБ мен «ДНС Казахстан» ЖШС кешенді банк қызметін көрсетуге арналған келісім-шарт жасасты, оның аясында банк серіктесіне есептік-кассалық қызмет көрсетуді, жалақы жобасын, эквайрингті (POS-терминалдар) және кешенді инкассацияны қосқанда, бірқатар қызметтер мен өнімдерді ұсынады.

«DNS желісінің Ресейдегі беделі зор әрі бөлшек желіні дамытуда тәжірибесі мол. Қазақстан нарығына жаңа ойыншының келуі тұтынушыларға арналған сервистің деңгейіне және тауар түрлерінің көбеюіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сбербанк заманауи бизнес үшін шешімдердің толық спекторын ұсынады, біз аталған желінің Қазақстандағы серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. DNS желісі ары қарай да өсіп-өркендей берсін», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр Титов.

«Біздің дүкендеріміз бен сервистеріміз көршілес Қазақстан еліндегі сатып алушылардың көңілдерінен шығады деген үміттеміз. Иә, Қазақстанда өзінің электрондық және тұрмыстық техника нарығы қалыптасқан, нарықта өзінің керемет ойыншылары да бар. Алайда біздің де сіздер үшін өз айтарымыз, өз ұсынарымыз бар. Бәсекелестік клиенттерге арналған сервисті Қазақстанда, сол сияқты Ресейде ары қарай жақсарта түсуге өз септігін тигізеді», - деп айтты DNS компаниялары тобының президенті Дмитрий Алексеев.


Анықтама үшін:

«ДНС-Ритейл» ЖШҚ – компьютерлік, цифрлық және тұрмыстық техника сатуға мамандандырылған, сондай-ақ компьютерлер, соның ішінде ноутбуктер, планшеттер мен смартфондар шығаратын (құрастыру өндірісі) ресейлік компания, бөлшек сауда желісінің иесі. 2020 жылы DNS компаниясы Forbes Russia бойынша «200 ең ірі жеке компания» рейтингісінде 268,5 млрд рубль түсіммен 31-інші орынға шықты. Компанияның штатында шамамен 27 мың қызметкер бар. Компанияның штаб-пәтері Владивосток қаласында орналасқан.

 

«Сбербанк» АҚ ЕБ  Сбербанк халықаралық тобына кіреді. Банк 15 жыл қатарынан Қазақстан Республикасының қаржы нарығында сәтті жұмыс істеп келеді, 01.08.2021 жылғы жағдай бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында активтердің көлемі бойынша 2 орында тұр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Банк Қазақстан Республикасында шетелдік қатысуы бар ең ірі деген ҮЗДІК-30 салық төлеушінің қатарына енді. 2020 жылы салықтық аударымдар 20 млрд. теңгеден астам соманы құрады. Бүгінде «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 111 құрылымдық бөлімшеден құралған филиалдық желісі бар, оның 17-сі – филиал. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

Поделиться


Алматы