Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Бұрынғыдан да қолжетімді ипотека

Сбербанк BI Group компаниясымен бірлесіп «Ерекше ипотека» шарттарын жақсартты  

Қазақстанда қыркүйек айының басында BI Group құрылыс компаниясынан жаңа баспана сатып алуға арналған жаңартылған «Ерекше ипотека» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталып кетті.

2020 жылы «Ерекше ипотека» іске қосылған сәттен бастап мыңдаған адам сапалы баспанаға ие болды. Сарапшылардың пікірі бойынша қазақстандықтардың арасында жылжымайтын мүлікке деген сұраныс үнемі арту үстінде.  

Сбербанктің Басқарушы директоры Магомед Гулаев жаңартылған бағдарламаның ең басты артықшылықтарына тоқталды: «Бірлесіп жасалған «Ерекше ипотека» бағдарламасы біздің клиенттеріміз үшін бұрынғыдан да қолжетімді болмақ: 10 және 15 жылға мөлшерлемелер 6,99%-дан басталады; табыс көзін ресми түрде растай алмайтын клиенттер аталған ипотеканы ресімдей алады; бастапқы жарна нарықта ең азы 10%-дан басталады. Ипотеканы кепілге автокөлікті қойып, бастапқы жарнасыз алу – ерекше назар аударарлық жағдай әрі мұндай ипотека – нарықтағы бірінші ипотека, маңыздысы, көлік өз иесінде қалады. Қарызды кез келген сәтте мерзімінен бұрын, айыппұлсыз өтеу (ішінара өтеу сомасы шектелмеген) банк ипотекасының айтарлықтай артықшылығы екені сөзсіз.

Бірлесіп жасалған «Ерекше ипотека» қазақстандықтардың арасында кең таралған және бастапқы жарнаның мөлшері бойынша және табыс көзін растау бойынша белгілі бір шектеулерге байланысты мемлекеттік бағдарлама немесе тұрғын үй жинақтау арқылы ипотеканы қарастырмайтындар үшін балама шешім болып табылады».

«Жеке көлікті бастапқы жарна ретінде пайдалануға болатын бағдарламаның жаңа шарттарына біздің клиенттеріміз қызығушылық танытады деген ойдамыз. Сбербанктің бастамасымен «Ерекше ипотека» жаңа артықшылықтарға ие болды және клиенттер жиған-терген ақшаларын өздеріне алып қалады, оны, мысалы, жаңа пәтерді жөндеуге және жабдықтауға жұмсауына болады.

Аталған бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – Сбербанк нарықта алғашқы болып біздің ұсынысымызды қолдады және үлестік қатысу шарты бойынша тәуекелдерді сақтандыру сияқты балама нарықтық құралды пайдалануға келісімін бере отырып, Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясының (ҚТК) кепілдігін алуға байланысты шектеулерден бас тартты, бұл біздің клиенттеріміздің таңдауын, қолжетімділігін арттырды» – деді BI Group Қаржылық технологияларды дамыту басшысы Нұрлан Оңғарбаев. Ипотекалық бағдарлама бойынша салынып жатқан баспананы қосымша кепілсіз, сатып алатын жылжымайтын мүлікті кепілге қойып аласыз. Қазіргі уақытта бағдарламаның аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында BI Group компаниясының 46 тұрғын үй кешенінде пәтерлер бар, өтінімді еліміздегі кез келген аймақта беруге болады.

Сайтта бағдарламамен танысып, өтінім қалдыра аласыз.

Поделиться


Алматы