Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Fitch агенттігі «Сбербанк» АҚ ЕБ рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам – Тұрақты

Тұрақтылық рейтингі «bb-»-ден «bb»-ге дейін артты

Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «BBB-» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

Банктің қайта расталған рейтингісінің рейтингтердің инвестициялық санатына (BBB-)-ден бастап және одан жоғары) сәйкес келетінін атап өткіміз келеді, бұл халықаралық көрсеткіштер бойынша эмитенттің қаржылық тұрақтылығын білдіреді және Қазақстандағы ЕДБ арасында ең жоғары рейтингтердің бірі.

 

Fitch талдаушылары агенттіктің ЭДР-ны растаған кезде «Сбербанк Ресей» ЖАҚ негізгі акционерінің тарапынан банкке қолдау көрсетуге дайындығының жоғары деңгейін ескергенін атап өтті.

Тұрақтылық рейтингі «bb-»-ден «bb»-ге дейін артты. Fitch берген баға бойынша тұрақтылық рейтингісінің артуы активтердің сапасының орта мерзімді көрсеткіште жоғары пайда түсімінен құнсыздануға, сондай-ақ соңғы жылдары капиталдың артуына байланысты мүмкін болатын нашарлауы бойынша банктің әлсіз емес екенін көрсетеді.

 

Сонымен бірге Fitch банктің ұлттық рейтингісін де «AA+ (kaz)» деңгейінде растады, бұл банктің Қазақстандағы басқа да несие берушілермен салыстырғанда жоғары несие беру қабілеттілігін растайды.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ Қазақстандағы ЕДБ арасында активтердің көлемі бойынша екінші орын алды. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктің активтері 3 818 млрд. теңгені құрады. ROAE көрсеткіші 41%-ға жетті.

«Жағымды рейтингтің расталуы және Fitch Ratings тұрақты болжамы Сбербанктің Қазақстанның қаржылық нарығындағы тұрақты позициясын айқындайды. Бұл біздің клиенттеріміз үшін, сол сияқты инвесторлар үшін де жоғары несие беру қабілеттілігін, сондай-ақ капитал қорының жеткілікті екеніне әрі өтімділікке деген сенімділікті білдіреді.

Биыл Сбербанк өзінің негізі қаланған сәттен бастап 180 жылдығын және Қазақстанда жұмыс істеп жатқанына 15 жылдығын атап өтеді. Қазақстандағы жұмыс барысында біз бизнесті және халықты қаржыландыруға белсенді түрде қатысып келеміз. Сбербанктің көмегімен Қазақстанда бизнестің дамығаны, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының ашылғаны, халықтың жоспарлары мен армандарының жүзеге асқаны біз үшін маңызды.

Fitch рейтингісінің расталуы Банктің дұрыс таңдалған стратегиясының куәсі, соның ішінде сандық түрлендіру бойынша, оның арқасында сапалы өнімдер шығарылып, клиенттер үшін барынша тиімді шарттар жасалады. Сбербанк өз жұмысын осы бағытта жалғастырады. Біз клиенттеріміздің, серіктестеріміз бен қызметкерлердің бізге артқан сенімдерін жоғары бағалаймыз, бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!» -  деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

Fitch растаған «Сбербанк» АҚ ЕБ рейтингтерінің тізбесі:

- «BBВ-» деңгейіндегі шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР,

болжам – «Тұрақты»;

- «bb» деңгейіндегі тұрақтылық рейтингі;

- «AA+(kaz)» деңгейіндегі ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг;

- «F3» деңгейіндегі қысқа мерзімді ЭДР;

- «2» деңгейіндегі қолдау рейтингі.


Анықтама үшін:

«Сбербанк» АҚ ЕБ Сбербанк халықаралық тобына кіреді. Банк 15 жыл қатарынан Қазақстанның қаржылық нарығында сәтті жұмыс істеп келеді, 01.08.2021 ж. жағдай бойынша Қазақстандағы барлық ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша 2 орын алды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Банк Қазақстан Республикасындағы шетелдік қатысуы бар ең ірі салық төлеушілердің ТОП-30-дығына енді. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 111 құрылымдық бөлімшеден (олардың 17-сі филиал) құралатын филиалдық желісі бар. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.  

Поделиться


Алматы