Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Халықаралық ПЛАС-Форумына қатысты

Қазан айының соңында Алматы қаласында «Шекарасыз финтех. Цифрлық Еуразия» атты маңызы зор салалық Халықаралық ПЛАС-Форумы өтті.

Форумға қатысушылар екі күн қатарынан финтех пен төлем бизнесін дамытуға байланысты мәселелерді кеңінен талқылады. Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен банк секторының кәсіби мамандары, төлем индустриясы, қаржы нарығы, онлайн және офлайн ритейл өкілдері қатысты. 

Қазақстандағы экожүйені дамыту ПЛАС-Форумда сараптамалық талқылаудың өзекті тақырыбы болды. «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның Цифрлық дамыту директоры Әмірхан Чиканаев дәл осы тақырып бойынша мәлімдеме жасады.

Соңғы жылдары Қазақстанда банк секторы экожүйені қарқынды түрде дамытып келеді. Әмірхан Чиканаев экожүйе әрқашан клиент пен оның тұтынатын заттарының төңірегінде дамиды деген пікірде. Банктер банктік қызметтерді клиенттік жолға түсіре отырып, пайдаланушыларға қосымша мүмкіндіктер ұсына алатын ең аз дегенде сегіз сала бар. Клиенттердің негізгі қажеттіліктерінің бұл санаттарына финтех, FoodTech, mobility, электрондық сауда, ойын-сауық, денсаулық, саяхат және байланыс кіреді.

Бүгінде Сбербанк Қазақстан экожүйенің негізгі үш санатында бар, олар: финтех, сауық, көңіл көтеру («Okko» онлайн-кинотеатры және «СберЗвук» стримингтік аудиосервисі), сондай-ақ саяхат (Sberbank Travel).

Спикер бәсекелестік туралы былай деді: әр саланың нарықта өзінің белгілі бір орны қалыптасқан мықты ойыншылары бар, банкке олармен бәсекеге түсуге тура келеді. Сондай-ақ қазақстандық нарық көрші елдердегі ойыншылардың қызығушылығын тудыруы әбден мүмкін. Бұл ретте клиенттердің қажеттіліктерін түсіну және оларды тығыз байланыстылықпен клиенттік жолға түсіру барлық ойыншылар үшін негізгі міндет болып қалмақ.

Әмірхан Чиканаев қазіргі таңда әлем банктері үшін басты бәсекелестікті технологиялар тудыратынын айтты. Егер экожүйе қаржы институтының базасында дамыса, ол бірқатар артықшылықтар береді: жіксіз қаржы сервистері, банк өнімдерін кросс-сату потенциалы, жаңа бағыттар мен бизнес-үлгілердің дамуы, клиенттерді ұстап қалу көрсеткішінің өсуі. Сонымен қатар экожүйені дамытудың төрт драйвері бар: клиенттердің әрекеті, технологиялар, бәсекелестер және реттегіш орта.  

Сарапшы банк саласының болашақтағы дамуын саралай келе, экожүйені банкті дамытатын жалғыз формат емес екенін айтты. Олар біз ойлағаннан да көп. Мысалы, e-commerce сияқты жаңа концептілер пайда болуда, бұл банктер де кіретін әрі жаңа бәсекелестікті тудыратын өте қарқынды түрде өсіп келе жатқан сегмент.

Сарапшылар қаржы ұйымдары енгізетін технологиялар Қазақстанды ТМД елдері арасынан технология бойынша алға суырып шығады деген қорытындыға келді.

 

 

Поделиться


Алматы