Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан мәдениет пен өнерді дамытуға белсенді ат салысуда

2019 жылғы 16 қазан, Алматы қ. - Телевидение көпшілік қауымның назарына ұсынылған кезде көбі театр әлемінің соңы жетті деп болжам жасаған еді, алайда театр әлі күнге дейін өз көрермендерін жинауда. Адамда ойынға қатысуға ұмтылыс әрқашан бар, ол көзбе-көз қарым-қатынасқа мұқтаж және нақ осы театр көрерменмен байланыс құруға негізделген өнер.  Мұнысымен театр теледидардың жансыз «шынысынан» ерекшеленеді.

Сбербанк Қазақстан өзінің әлеуметтік жауапкерлішілігін сезіне отырып, еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға белсенді ат салысуда. Төрт жыл қатарынан қаржы институты М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының  серіктесі болып келеді.

«Біз 2016 жылдан бастап жалғасып келе жатқан серіктестігімізді жоғары бағалаймыз. Осы жылдар ішінде Сбербанк театрымызға қаржылай және рухани қолдау көрсетіп келеді, соның арқасында өмірді тереңінен түсінуге ықпал ететін жаңа спектальдер қою мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Бүгінде бізге жасалған шарттардың арқасында бір жылға қойылған міндеттерді орындау, яғни – заманауи тіршілікті мәдени байыту және дәстүрлерді сақтауға үлкен үлес қосу қолымыздан келеді», - деді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Ю. Лермонтов атындағы  Драма театрының басшысы Юрий Якушев.

Театр сексен алты жыл бойы мирас боп қалған дәстүрді дамыта отырып, Қазақстан қауымының мәдениетіне айтарлықтай үлесін қосып отыр. Себебі театр қанша жыл өтсе де, әрқашан жас болып қала береді және режиссердің барлық сезімдері, ойлары тек өзінің ынтызар көрерменіне арнап қойылады. Республикамыздағы ең көне және танымал орын ретінде ол классикалық театр мектебінің дәстүрлерін және буындар сабақтастығы қағидаларын сақтап қалады. Шынайы рухани, мәдени, этикалық және демократиялық құндылықтарды сақтау театр үшін бұлжымайтын өнегелік заң болып қала береді.

«Көрерменмен тірі және сезімге толы байланыс орнатып келе жатқан, ұзақ әрі бай тарихы бар М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрымен серіктестік орнату біздің банк үшін үлкен құрмет. Театр өнері өмір сүруде және бізге өмір сүруге көмектесуде. Бұл театрдың шығармашылық ұжымының үлкен әрі баға жетпес еңбегі, олар бізге жаңа пьессаларын, спектакльдерін және тосын көркемдік жаңалықтарын ұсынады және мұнда ықтиятпен сақталып келе жатқан биік актерлік дәстүрлер көрініс табады», - деп ойымен бөлісті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.

Осы жылы театр сахнасында 35 спектакль, оның ішінде төрт жаңа спектакль қойылады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                      «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы