Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан Петропавл медициналық орталығына қолдау көрсетті

2019 жылғы 23 қазан, Петропавл қ. – «NewLifeDiagnostic» ультрадыбыстық диагностика медициналық орталығы 2019 жылдың наурыз айында бастап бір кабинеттегі ультрадыбыстық диагностика форматында жұмысын бастады. Петропавл қаласы тұрғындарына медицицналық қызметтер көрсетуге бағытталған жобаның негізін қалаушы – УДД саласындағы біліктілік санаты жоғары, акушерлік, гинекология және перинатология тәжірибесі ауқымды дәрігер Вера Аладинская.

«Менің басты мақсатым – пациенттер өз денсаулықтарына қатысты толық кеңес ала алатын, оны қалпына келтіру бойынша барлық қажетті процедуралардан өте алатын, сондай-ақ тән және жан саулығы үшін ең жайлы жағдайлармен қамтамасыз ететін медициналық орталық ашу. Сонымен қатар, тұрақты клиенттеріміздің көптеген өтініштерімен медициналық процедуралар қатарын кеңейтуге шешім қабылдадық, ал бұл үшін қосымша жабдықтар сатып алу қажет болатын», - деп өз жобасы туралы баяндады «NewLifeDiagnostic» ЖШС басшысы Вера Аладинская.

Медициналық орталықты кеңейту жобасымен кәсіпкер Сбербанктің және «Даму» Қорының Петропавл қ. филиалына жүгінген, қаржы институттары бұл бизнес-идеяны мақұлдаған. Орталық басшысы қажетті соманы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында алды. Жобаны қаржыландыру жылдық 6% -бен, 5 жыл мерзімге, «Даму» қоры кепілдендіру құралы арқылы жүзеге асырылады.

«Өз бизнесін ашуды қатты қалайтын жандар үшін «Еңбек» жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы өте жақсы мүмкіндіктер ұсынады Нақты осы жағдайда бұл  бағдарлама кәсіпкерге өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға, сүйікті ісін дамытуға, сондай-ақ қала тұрғындарына жоғары білікті көмек көрсететін бірқатар профильдік дәрігерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Петропавл қ. филиалының директоры Иван Терлецкий.

Қазіргі таңда медициналық орталық сәтті қызмет атқарып келеді және УДС барлық түрлері бойынша профильдік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ тар шеңберлі мамандырылған дәрігерлер қабылдау жүргізеді.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы