Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • «Газпром нефть - Казахстан» ЖШС-мен біріккен маркетингтік бағдарлама талаптары "Сапалы жанармайға баға жетпейді"»

«Газпром нефть - Казахстан» ЖШС-мен біріккен маркетингтік бағдарлама талаптары "Сапалы жанармайға баға жетпейді"»

"Сапалы жанармайға баға жетпейді" Маркетингтік Акциясы (бұдан әрі - Акция) Банктің төлем карталарын белсенді түрде пайдаланатын Клиенттеріне арналған.

Терминдер мен анықтамалар

Бағдарлама – ұйымдастырушысы "Ресей Жинақ Банкі" Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкі болып табылатын "Сапалы жанармайға баға жетпейді" деп аталатын маркетингтік бағдарлама.

АЖҚС – «Газпром нефть-Казахстан» ЖШС автожанармай құю станциясы.

Банк – «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірелген 23.12.2014 жылғы №1.2.199/93/31 Лицензия).

Бағдарлама қатысушылары — Банк шығарған Mastercard ALL IN каратсының ұстаушысы болып табылатын және Банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ, Акция талаптарын орындаған, он сегіз жасқа толған жеке тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті.

Төлем картасы– Банк шығарған Mastercard ALL IN төлем картасы.

Клиент – төлем қызметін алған жеке тұлға, Банк шығарған Mastercard ALL IN төлем картасының иегері.

Бағдарламаны өткізу кезеңі – 2019 жылғы 31 қазаннан бастап Банк бастамасымен тоқтатылған сәтке дейін.

Есептесу кезеңі – толық күнтізбелік ай.

Cashback –Банк Төлем картасының ұстаушысы Бағдарламаның 3.2. т. сәйкес жанармай төлемімен байланысты жасаған транзакциясы үшін Банк қаражаты есебінен Төлем картасының шотына  аударатын ақша.

Төлем картасын ашуға өтінімді рәсімдеу тәртібі:

сайтында Төлем картасын ашуға өтінімді толтырып, жіберіңіз. https://www.sberbank.kz/ru/space_cash

Банктен Төлем картасын беру туралы шешім қабылданғанын күтіңіз (шешім 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде қабылданады). Банк шешімі туралы Сізге СМС-хабарлама келеді.

Төлем картасын алып, https://www.sberbank.kz/ru/pincode сайтында ПИН-код орнатыңыз  https://www.sberbank.kz/ru/pincode  

Бағдарламаның жалпы ережелері:

Осы Бағдарлама Клиенттердің Банк өнімдеріне бейілділігін арттыру, Клиенттерді Төлем картасын пайдалана отырып, сауда-сервистік желіде көптеп транзакциялар жасауға ынталандыруға және күнделікті есеп айырысуда қолма-қол ақшадан бас тарттыруға бағытталған.

Банк Бағдарлама аясында Клиентке АЖҚС желісінде Төлем картасын пайдалана отырып жүргізге әр төлем үшін 5%  мөлшеріндегі жоғарылатылған Cashback аударады..

Клиенттерге Cashbackаудару тәртібі:

Cashback Банктің операцияларды өңдеу дерегі бойынша есептеледі және айдың соңғы құны пайдалануға қолжетімді болады.

Әр есептік кезең ішінде аударылуы мүмкін ең жоғарғы Cashback сомасы: шот валютасы теңгеде ашылған Төлем карталары үшін 15 000 теңге,  шот валютасы АҚШ долларында ашылған Төлем карталары үшін 100 USD,  шот валютасын еурода ашылған Төлем карталары үшін 100 EUR, ресей рублінде ашылған Төлем карталары үшін 3000 рубль.

Егер есептік кезең бойынша Cashback сомасы белгіленген лимиттен асып кетсе, мұндай лимиттен асқан сома күйіп кетеді және ағымдағы және кейінгі есептелінетін кезеңдерге есептелмейді.

Сатып алу операциясы кері қайтарылған жағдайда Cashback сомасы ағымдағы және кейінгі есептік кезеңдерде қайтару /кері қайтару күніндегі қолданыстағы операция сомасына азаяды.

Клиентті хабарландыру:

Клиентті Сбербанк Онлайн жүйесінде қолжетімді Cashback сомасы туралы хабарландыру 

Cashback аудару бойынша ақпарат бөлімінде жүргізіледі.

Cashback-ті пайдалану тәртібі.

Cashback Клиенттің Төлем картасы шығарылған ағымдағы шотына айдың соңғы күні аударылады және Клиент оны өз қалауы бойынша пайдалана алады.

Өзге талаптар:

Банк осы Бағдарлама талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Бағдарлама өзгертілген жағдайда Банк бұл туралы осы Бағдарламаны жаңа редакцияда Банктің https://www.sberbank.kz/ сайтында жариялау арқылы хабарландырады. Банк Клиенттерге осы Бағдарламаның өзгертілгені туралы маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдар ұсыну арқылы қосымша хабарлауға құқылы. 

Клиент осы Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылайды. Клиенттің осы Бағдарламаның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін Төлем картасын және/немесе осы Бағдарламаны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Бағдарламаның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

Поделиться


Алматы