Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан Павлодар қаласындағы сұлулық салонына қолдау көрсетті

31 қазан 2019 жыл, Парлодар - Сбербанк Қазақстан мен "Даму" Қорының қаржылық көмегінің арқасында Павлодар қаласында жаңа «O’Life» сұлулық салоны ашылды.

"Біз қаладағы барлық сән салондарына талдау жүргізіп, ең көпфункциялы, заманауи жайлы сән салонын ашуды шештік. Біз ең қысқа мерзімде кәсіби шеберлерден тұратын тату топ құрдық, кейіннен бізге сай келетін жай тауып,  әйел адамдардың сұлулығын сақтауға арналған жабдық сатып алу қажет болды", - деп айтты  «O’Life»  сұлулық салонының басшысы Ольга Ярышева.

Салон ашуға қажетті қаражатты кәсіпкер мемлекеттік жеңілдікті бағдарламамен алуға шешім қабылдады. Ольга "Даму" Қорының Павлодар қ. филиалында кеңес алғаннан кейін Сбербанк Қазақстанға жүгінді. Мұнда оның жобасы "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 миллион теңгеден асатын сомаға мақұлданды.

Кәсіпкер жеңілдікті кредитті рәсімдегеннен кейін жайда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, клиенттерге тері, бет және дене күтімі бойынша жоғары сапалы қызмет, сондай-ақ шаштараз қызметін көрсетуге мүмкіндік беретін функционалды және сапалы жабдық сатып алды. 

"Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының кең мүмкіндіктерін пайдалана отырып жеке кәсіпкерлікті дамытудың ел экономикасы үшін маңызы зор. Мұндай жобаларға қаржылық қолдау көрсете отырып, біз қызмет көрсету саласын кеңейту бойынша нақты жобаларға айналған шағын бизнесті дамытуға жасалған инвестициялардың оң нәтижелеріне баға бере аламыз", - "Сбербанк" АҚ ЕБ Павлодар қ. филиалының директоры Азамат Бегалинов.

Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан мен "Даму" Қоры қолдаған сән салоны ойдағыдай жұмыс істеуде, соның арқасында оннан астам жоғары кәсіби маман тұрақты жұмыс орнын тапты.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                      «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы