Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

"Банк клиенттеріне арналған жабық кинокөрсетілім" акция талаптары

Терминдер мен анықтамалар

Акция — ұйымдастырушысы "Ресей Жинақ банкі" Акционерлік қоғамы Еншілес банкі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген 23.12.2014 ж. №1.2.199/93/31 Лицензия) (бұдан әрі - Банк) болып табылатын "Банк клиенттеріне арналған жабық кинокөрсетілім" атты маркетингтік акциясы.

Акция қатысушылары — келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары:

Акция қатысушысы Банк шығарған Mastercard ALL IN төлем картасының ұстаушысы болып табылады;

Акция қатысушысының Банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ.

Карта – Банк шығарған Mastercard ALL IN  төлем картасы.

Жеңімпаз — Акция талаптарын толық орындаған, осы Акция талаптарының  4 тармағына сәйкес таңдалған қатысушы.

Акцияны өткізу кезеңі — 2019 жылғы 01 қараша мен 2019 жылғы 22 қараша аралығы (Жеңімпазды анықтау және Жүлделерді тарату мерзімдерін есептемегенде).

Жүлде - Алматы қ., MEGA Alma-Ata СОО, 2 қабат және Нұр-Сұлтан қ., "KeruenCity Astana" СОО, Сарыарқы к-сі және Қорғалжың шоссесінің қиылысы мекенжайлары бойынша орналасқан Chaplin Cinemas кинотеатрында өтетін «Мұзды өлке» фильмінің жабық көрсетіліміне 2 (екі) адамға арналған шақырту билеті.

Акцияға қатысу тәртібі:

Акция басталған кезде Карта ұстаушысы болып табылмайтын Акция қатысушылары үшін:

Егер сіздіе Mastercard ALL IN картасы болмаса 2019 жылғы 01 қарашадан 2019 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) https://www.sberbank.kz/ru/space_cash сайтында Карта алуға өтінішті толтырып, жіберіңіз: https://www.sberbank.kz/ru/space_cash.

Банктен Карта бойынша шешім қабылданғанын күтіңіз (шешім 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде қабылданады). Банк шешімі туралы Сізге СМС-хабарлама келеді.

Картаны алып, https://www.sberbank.kz/ru/pincode сайтында ПИН-код орнатыңыз  https://www.sberbank.kz/ru/pincode. 

2019 жылғы 01 қарашадан бастап 2019 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) Картаны пайдалана отырып,  кез-келген сомаға сауда жасаңыз.

Акция басталған кезде Карта ұстаушысы болып табылған Акция қатысушылары үшін:

2019 жылғы 01 қарашадан бастап 2019 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) Картаны пайдалана отырып, 10 000 теңгеден төмен емесе кез-келген сомаға сауда жасаңыз.

Жеңімпаздарды анықтау және Жүлделерді алу:

Банк 2019 жылғы 22 қараша күні кездейсоқ сандар генераторы арқылы Жеңімпаздарды анықтап, Акция нәтижелері туралы ақпаратты Банктің www.sberbank.kz сайтында орналастыру арқылы жариялайды. Шақыртулар Жеңімпаздарға 2019 жылғы 27 қарашаға дейін (қоса алғанда) олардың  e-mail поштасына электронды хат ретінде немесе телефон нөмірлеріне СМС-хабарлама ретінде жіберіледі. Шақыртуды кинотеатрдың кинозалына кірер кезде көрсету қажет.

Жеңімпаздар саны - 140 (жүз қырық төрт) адам. Алматы қаласынан 70 және Нұр-Сұлтан қ. 70 адам.   Әр Жеңімпаз бір Жүлде алады.

Өзге талаптар:

Банк қызметкерлері бұл Акцияға қатыса алмайды.

Бұл жария Акция болып табылады және Банктің www.sberbank.kz. сайтында жарияланатын болады. Банк Акция қатысушыларын Банктің www.sberbank.kz сайтында Акция талаптарының жаңарған нұсқасын жариялау арқылы хабарландыра отырып, Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы.

Банк телекоммуникациялық және энергетикалық желілерінде болған ақаулар, зиян келтіретін бағдарламалар, үшінші тұлғалардың арам пиғылды әрекеттері нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Акця қатысушылары алдында жауапты болмайды.

Банк Қатысушының Акцияға қатысуына байланысты пайда болуы мүмкін ақшалай залалдардың, ұсталымдардың және өзге де кез-келген шығындардың орнын толтырмайды және қайтармайды.

Банк осы Акция Қатысушыларының әрекеттерін/әрекетсіздігін алаяқтық, арам ниетті және осы Акцияға қатысу талаптарын өзге де жолмен бұзатын деп таныған сәтте Банк мұндай Акция Қатысушына хабарламай және түсіндірмей Жүлделерді бермеу, Жүлделердің күшін жою құқығын өзіне қалдырады.

Поделиться


Алматы