Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • "Сбербанк" АҚ ЕБ клиенттері-жеке тұлғаларға арналған кепілсіз кредит бойынша «Пәтер сыйлыққа!» акциясын Өткізу ережелері

"Сбербанк" АҚ ЕБ клиенттері-жеке тұлғаларға арналған кепілсіз кредит бойынша «Пәтер сыйлыққа!» акциясын Өткізу ережелері

ТЕРМИНДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы "Сбербанк" АҚ ЕБ клиенттері-жеке тұлғаларға арналған кепілсіз кредит бойынша "Пәтер сыйлыққа" акциясын өткізу ережелерінде (бұдан әрі - Ережелер) келесі терминдер мен қысқартулар қолданылады:

Банк - "Сбербанк" АҚ ЕБ.

Акция - Ережелердің ІІ Тарауымен белгіленген кезеңде Банктен  "Сенімгерлік кредит" бағдарламасы бойынша кепілсіз кредит алған Банк клиенттері - жеке тұлғаларға арналған акция. Акция талаптары Ережемен белгіленген.

Жүлде - Ережеге сәйкес Акция Жеңімпазына берілетін сыйлық.

Акцияға қатысушы - Ережелердің ІІ Тарауымен белгіленген кезеңде Банктен  "Сенімгерлік кредит" бағдарламасы бойынша кепілсіз кредит алған және осы Ережелердің 6.4. т. талабын орындаған Банк клиенті - жеке тұлға.

Негізгі жеңімпаз – Акцияның осы Ережелерде көрсетілген тәртіпте жеңімпаз атануға жеткілікті талаптарын толық орындаған Акция қатысушысы.

Резервтегі жеңімпаз – Акцияның осы Ережелерде көрсетілген тәртіпте екінші және үшінші жеңімпаз атануға жеткілікті талаптарын толық орындаған Акция қатысушысы.

Жеңімпаз (сыйлық иесі) - Негізгі жеңімпаз деп танылған және Банк осы Ережелерде белгіленген тәртіпте хабарласа алған  Акция қатысушысы.

АКЦИЯНЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢІ

Акцияны өткізу кезеңі: 2019 жылғы 4 қараша мен 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығы (қоса алғанда) (бұдан әрі– Акция кезеңі):

Жеңімпазды анықтау - 2020 жылғы 10 қаңтар мен 2020 жылғы 20 қаңтар аралығындағы кезеңде -онлайн-трансляцияда (тікелей эфир) www.random.org интернет-сайтында кездейсоқ таңдау арқылы және осы ережелерге №1 қосымшаға сәйкес жеңімпаз келісімін алдын-ала алып, ұтыс ойынының нәтижелерін Facebook, Instagram, VK әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Банктің www.sberbank.kz   веб-сайтында жариялау арқылы жүргізіледі.

Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған әдіс арқылы өз қалауы бойынша хабарланыдыра отырып, Акция өткізу шарттарына, мерзіміне кез келген уақытта толықтыру енгізу және/немесе өзгерту, сондай-ақ оны тоқтату, тоқтата тұру, Акцияны өткізуді толық немесе ішінара болдырмау құқығын өзіне қалдырады. Кез келген өзгерістер туралы ақпарат www.sberbank.kz веб-сайтында жарияланады.

АКЦИЯ ШАРТТАРЫ

Акцияға Қазақстан Республикасының барлық қалалары қатысады.
Акцияға тек Қазақстан Республикасының резиденттері ғана қатыса алады.

Акцияға келесі тұлғалар қатыса алмайды:

  • Қазақстан Республикасының бейрезиденттері;

  • Банк қызметкерлері;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлері;

  • Банкпен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғалар.

Акцияға қатысу үшін әлеуетті қатысушыға Акция кезеңінде Банктен "Сенімгерлік кредит" бағдарламасы бойынша кепілсіз кредит алу қажет.

Ұтыс ойынына 2019 жылғы 4 қараша мен 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, қолданыстағы кредиттер қатысады, бұл ретте кредит бойынша мерзімі кешіктірілген міндеттемелер болмауы тиіс.

Бір жеке тұлға Акцияға тек бір рет қатыса алады.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

Акцияның жүлде қоры:

Атауы

Саны

Нұр-Сұлтан қаласында пәтер

1

«Azimut Travel» ЖШС туристтік агенттігі ұсынған  400 000 теңге сомасына саяхатқа арналған сертификаттар. Жеңімпаз 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде аталған сомаға компания ұсынған турлардың бірін ала алады.

5

Sulpak техника дүкендерінің желісі ұсынған 100 000 теңге сомасына тұрмыстық техника сатып алуға арналған сертификаттар.

10

Жүлделер саны шектеулі.

Жүлдені ақшалай баламасымен беруге жол берілмейді.

Акцияның әр Жеңімпаз Акция Кезеңінде тек бір Жүлде ала алады.

Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды.

Банк  Жүлде қорының жалпы санын арттыру немесе азайту құқығын немесе Акцияға осы Ережеде қарастырылмаған қосымша Жүлделер қосу құқығын өзіне қалдырады. Егер мұндай өзгертулер орын алса, Банк бұл туралы Ережелердің V Тарауында қарастырылған тәртіпте хабарлайды.

Жүлде ұтып алған Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2020 жылғы 20 қаңтар мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында өткізіледі.

Акция кезінде жарнамалық материалдарда жарияланған Жүлделердің сыртқы түрі (өлшемі, түсі) менЖүлделердің шынайы түрінде айырмашылықтар болуы мүмкін.

АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ АКЦИЯНЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТАЛАПТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

Акцияға қатысушыларды және әлеуетті қатысушыларды Акцияны өткізу тәртібі мен талаптары туралы ақпараттандыру Банктің www.sberbank.kz веб-сайтында Акция туралы ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

Жеңімпазды анықтау www.random.org интернет-сайтында кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Акция қорытындысы бойынша Жүлде алуға құқылы Негізгі жңімпаз және Банк (филиал) Негізгі жеңімпазға Негізігі жеңімпаз анықталған күннен бастап 1 (бір) тәулік ішінде хабарласа алмаған жағдайға 3 (үш) Резервтегі жеңімпаз анықталады.

Жеңімпаз туралы ақпарат Жеңімпазбен Банктік құпияны және клиенттің дербес деректері туралы ақпаратты ашу туралы өтініш-келісімге қол қойылған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банктің www.sberbank.kz интернет-сайтында жарияланатын болады.

ЖҮЛДЕЛЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ

Жеңімпаз анықталғаннан кейін 1 (бір) тәулік ішінде Банк (филиалдың жауапты қызметкері) Жеңімпазға Жүлдені алу құқығы туралы және сәйкес жүлде табысталатын орын туралы хабарлайды, бұл ретте Жеңімпаз жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.

Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге байланыс тәсілі Банк бағдарламаларында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ. Мұндай жағдайда Жүлдені алу құқығы Резервтегі жеңімпазға өтеді, яғни, Резевртегі жеңімпаз Жеңімпаз атанады.

Егер Жеңімпаз телефон арқылы тілдескен күннен бастап 10 күн ішінде Жүлдені алуғңа келмесе, Жүлдені алу құқығы Резервтегі жеңімпазға өтеді, яғни, Резевртегі жеңімпаз Жеңімпаз атанады.

ӨЗГЕ ТАЛАПТАР

Қандай да бір себептермен аталған Акцияның кез-келген аспекті жоспардағыдай өткізіле алмайтын жағдайда, соның ішінде компютерлік вирус, Ғаламтор желісіндегі ақаулар, манипуляция, рұқсатсыз араласу, бұрмалау, техникалық ақаулар және Банктің бақылауынан тыс, Акцияны бұрмалайтын және оны  іске асыру, қауіпсіз, адал өтуі,  тұтастығы және тиісті түрде өткізілуіне қатысты кез-келген өзге себептермен өткізілмеген жағдайда, Банк өз қарауымен Акцияның күшін жойып, өткізілуін тоқтатып, өзгертіп, уақытша тоқтата тұра алады.

 Қосымша талаптар

Банк осы Ережелерге сәйкес Жүлдені алу құқығын растамайтын талаптарға қатысты қандай да бір хат жазысуға немесе қандай да бір түсініктемелер беруге міндетті емес. 

Поделиться


Алматы