Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан Атырау қ. күзет мекемесіне қолдау көрсетті

2019 жылғы 5 қараша, Атырау қ. – Атырау қаласында Сбербанк Қазақстан «Даму» Қорымен бірлікте күзет қызметін ұсынуға мамандардырылған «ПЦН Кузет» ЖШС-не қаржылай қолдау көрсетті.

Жаңадан бастаушы кәсіпкер Гульмира Джумагалиева 2008 жылы Атырау қаласында жеке күзет компаниясын ашты. Кәсіпорынның негізгі қызметі заңды және жеке тұлғаларға күзет мониторингінің техникалық құралдарын қолдана отырып орталықтандырылған бақылау пульті арқылы күзет қызметтерін ұсыну. Атыраулық мекеменің жылдар бойғы жұмысы барысында техникалық база қалыптасып, бүкіл қаланы да, Атырау облысында қамтитын, толық радиотаратқыш жабдық орнатылды. Одан әрі компания Ақтау және Құлсары (Атырау облысы) қалаларында күзет қызметтерін ұсынатын филиалдарын ашып, пульттік қызметтер ұсыну географиясын кеңейтті.

«Қазіргі таңда біздің кәсіпорнымыздың қызметіне күзет қызметтерінің үлкен ауқымы кіреді, олар орталықтандырылған бақылау арқылы да, оперативті әрекет ету бойынша мобильді топтың келуі арқылы да көрсетіледі. Қызметтеріміздің сапасының арқасында бүкіл облыс бойынша клиенттеріміздің саны күн санап артуда, оған қоса біз Құлсары қаласында да өз бөлімшемізді ашуға шешім қабылдадық. Жаңа жобаны сәтті жүзеге асыру үшін біз мемлекеттік кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасның жеңілдіктерін пайдалануды жөн көрдік», - деп баяндады «ПЦН Кузет»  ЖШС басшысы Гульмира Джумагалиева.

Кәсіпорынның болашағын дамыту жобасын әзірлеп, кәсіпер қаржылық серіктес ретінде Сбербанк Қазақстанды таңдады, ал банк өз кезегінде «ДАМУ» КДҚ» АҚ бірлікте күзет компаниясының қосымша кеңсесінің ашылуын қаржыландырды.

«Аймақ деңгейінде біз серіктестерімізбен көптеген жылдар бойы тиімділігі мен сенімділігін көрсетіп келе жатқан байланысты жоғары бағалаймыз. Біздің іскери серіктестігіміз ұзақ уақыт жалғасып келеді және осндай сәтті георгафиялық кеңеюдің арқасында бұл күзет компаниясы өз саласында жаңа биіктерді бағындырады деп сенеміз», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Атырау қ. филиалының директоры Айгуль Ергалиева.

«ПЦН Кузет» ЖШС-нің Құлсары қ. кешенді күзет қызметтерін ұсыну жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 20 млн. теңгеге жылдық 14%-бен мақұлданды, мөлшерлеменің 7%-ын мемлекет субсидияландырады.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.09.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 99 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.            

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым  төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз:

«Сбербанк» АҚ ЕБ                                                     «Сбербанк» АҚ ЕБ
Гульмира Мухсинова                                                  Фархад Таев 
+7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 502 466)                 +7 (727) 266-35-68 (ішкі нөмір.: 600 158)
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz                  e-mail: Farhad.Taev@sberbank.kz

Поделиться


Алматы