Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Кәсіпкерлер үшін жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы

2020 ж. 31 наурыз, Алматы қ. – Коронавирустық инфекцияның (COVID 19) таралуына байланысты ҚР аумағындағы төтенше жағдай режимінің енгізілуі кәсіпкерлердің және бизнес иегерлерінің қаржылық жағдайына үлкен әсер қалдырды. Тауар мен шикізат жеткізіліміндегі кідірістер, өндірілетін және сатылатын өнімге сұраныс төмендеуі, қаржы ағынының қысқаруы - бұл бизнес иегерлері күресуге мәжбүр болып отырған қиындықтардың бір бөлігі ғана.

Сбербанк Қазақстан қазіргі қалыптасқан ауыр жағдайда бизнесті және сәйкесінше жалпы ел экономикасын қолдау қажеттілігін анық түсіне отырып, Президент тапсырмасымен Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен бірге жасап шығарған, Шағын және орта бизнес субъекттерін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерді жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қосылды. Бағдарлама операторы болып ҚР ҰБ жанындағы  «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ белгіленді, осы қормен бірлікте Бағдарлама іске асырылатын болады.  

Бағдарлама аясында кәсіпкерлер жаңа заемдар рәсімдей де алады, қолданыстағы кредиттік желілер аясында қосымша қаржыландыру да ала алады.

Қаржыландыру жылдық 8% жеңілдік мөлшерлемесімен, 12 айға дейінгі мерзімге, айналым қаражаттарын толықтыру мақсатына берілетін болады.

ЖК үшін белгіленген лимит - 50 млн теңгеге дейін, шағын және орта бизнес мекемелері үшін - 3 млрд теңгеге дейін.
Бұл ретте осы бағдарламада қандай да бір салалық шектеулер қарастырылмаған. Жалпы алғанда бұл бағдарламаны іске асыру үшін 600 миллиард теңге қаражат бөлінетін болады.

Сбербанк Қазақстан көптеген жылдар бойы ШОБ секторына белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді және мемлекеттік бағдарламаларда жетекші орындарда. Жаңа бағдарламаны іске асыру кәсіпкерлердің  бизнес және еліміз үшін қиын түскен бұл кезеңнен жеңіл өтуіне мүмкіндік береді деп үміттенеді.
 
Анықтама:
«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық офисі Алматы  қаласында орналасқан.

ӨТІНІШ ҚАЛДЫРУ  

Сұрақтарыңызды келесі нөмірлер бойынша хабарласып қоя аласыздар: +7 (727) 250-30-20 немесе ұялы телефоннан 5030

E-mail: post@sberbank.kz

Поделиться


Алматы