Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

SBER Solutions Қазақстан Республикасындағы ТЖ режимі аясында бизнеске арналған жаңалықтары

SBER Solutions - Ресей, Қазақстан және ТМД бизнес-үдерістердің аутсорсингі тәжірибесінің негізін қалаушы.

Басты бизнес-бағыттар:

  • Қаржы
  • HR
  • Құқық
  • Консалтинг

SBER Solutions қызметін қосуға өтінім қалдыру


1) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режим шараларын күшейту және 30 наурыздан бастап 5 сәуірге дейінгі кезеңде әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру туралы

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы №6 хаттамасы және 2020 жылғы 27 наурыздағы №7 хаттамасы. «Алматы қаласында карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізу туралы» Алматы қ. әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6 хаттамасы. «Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Нұр-Сұлтан қ. бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы №6 шешімі.

Түсініктеме:

Алматы қаласының ресми Интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша Алматы қ. әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының хаттамасы жарияланды:  https://www.almaty.gov.kz/upload/files/protokol_shtaba_almaty_po_usileniyu_karantina.pdf 

Аталған Хаттамаға сәйкес, Алматы қ. аумағында ағымдағы жылдың 28 наурыз сағат 00:00-ден 6 сәуір сағат 00:00-ге дейін кейбір жағдайларды қоспағанда адамдар мен көліктің жүріп-тұруына ( Хаттаманы қар.), олардың ішінде жұмыс орнынан анықтама немесе қызметі Рұқсат етілген салалар мен қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген ұйымдар үшін қызметтік куәлік болған жағдайда, тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруына шектеу енгізіледі. Хаттамаға сәйкес қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті және тиісті Тізімде көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың әдеттегі жұмыс режимі уақытша тоқтатуға жатады (Хаттаманың 2-тармағын қараңыз).

Осыған ұқсас, Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында келесі сілтемеге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың шешімі жарияланды: http://astana.gov.kz/ru/news/news/22146

Қабылданған Шешімге сәйкес, Нұр-Сұлтан қ. аумағында 28 наурыз сағат 00:00-ден 6 сәуір сағат 00:00-ге дейін кейбір жағдайларды қоспағанда адамдар мен көліктің жүріп-тұруына ( Шешімді қар.), олардың ішінде жұмыс орнынан анықтама немесе Шешімге Қосымшаға сәйкес ұйымдар үшін қызметтік куәлік болған жағдайда,  тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруына ұқсас шектеулер енгізіледі7

Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген барлық ұйымдар мен кәсіпорындар көрсетілген кезеңде әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруы тиіс және өз қызметін қашықтықтан, оның ішінде онлайн режимінде жалғастыра алады.

_____________________________________________________________________________

2) ТЖ режиміне байланысты салықтарды төлеуден босату тәртібі бекітілді

Дереккөз: ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы.

Түсініктеме:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысының негізінде салық төлеушілердің мынадай санаттары  2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда салық мөлшерлемелеріне арнайы «нөлдік» түзету коэффициентін енгізу жолымен салық төлеуден босатылды:

  1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша мүлік салығынан босатылған.
  2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығынан босатылған.
  3. Жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылған.

1) және 2) тармақтарда көрсетілген салық төлеушілер үшін барлық салықтар бойынша 2020 жылдың 15 тамызына дейін мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу тоқтатылды және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсанына ауыстырылды.

_____________________________________________________________________________

3) ТЖ режиміне байланысты кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шаралары енгізілді

Дереккөз: «Салық саясаты мәселелері бойынша «экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысыhttps://online.zakon.kz/document/?doc_id=36662380 - pos=3;-106.

Түсініктеме:

Аталған ҚР Үкіметі Қаулысымен мыналар қарастырылған:

  • ҚҚС мөлшерлемесін төмендету

2020 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңге 2010 жылғы 1 наурыздағы №145ҚР ҮҚ қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілген тауарларды сату және импорттау бойынша айналымдарға 8% мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесі белгіленген.

  • Акциздер бойынша босату

2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге акциз төлеуден ҚР аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер босатылды.

  • Мүлік салығы бойынша нөлдік мөлшерлемелер

2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметі саласында пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды. 

Сондай-ақ микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мынандай қосымша қолдау шаралары қарастырылған:

  • 2020 жылдың 1 маусымына дейін барлық салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімі кейінге қалдырылды;
  • тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету және салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бөлігінде шаралар қабылдау 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылды;
  • жоғары тәуекел дәрежесі бар салық төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай кезеңінде (2020 жылғы 15 наурыздан 15 сәуірге дейін) басталатын камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімдері 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды;
  • төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің ағымы тоқтатылды, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне кірмейді.

_____________________________________________________________________________

4) ТЖ режиміне байланысты бизнесті қолдаудың басқа да қосымша шаралары

Дереккөз: ресми БАҚ/ақпараттық агенттіктердің материалдары бойынша https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36662380 - pos=3;-106.

Түсініктеме:

Мемлекеттік сатып алуда жеткізушілер мен мердігерлер болып табылатын кәсіпкерлер оларды қабылдағаннан кейін 5 күн ішінде көрсетілген қызметтер мен жұмыстар бойынша төлем алады.

Шарт талаптарының орындалмауы себебінен (егер ТЖ режимінің әсері себеп болса) жеткізушіні сенімсіздердің тізіліміне енгізу уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша қамтамасыз ету жарнасын енгізу және банктік кепілдіктер беру жойылды.

2020 жылғы 20 наурыздан бастап мемлекетке, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік сектор объектілеріне тиесілі және ШОБ субъектілеріне жалға берілген жылжымайтын мүлік объектілері бойынша 3 ай мерзімге жалдау төлемдерін есептеу тоқтатыла тұрады.

Келесі шараларды іске асыру қосымша талқыланады және қаралады:

  • ШОБ-тың айналым қаражатын жылдық 8% - бен несиелендіруге 600 млрд теңге бөлу;
  • ШОБ айыппұл санкцияларынсыз барлық салықтарды 3 айға төлеу бойынша мерзімін ұзарту;
  • азық-түлік өнімдері мен аграрлық сектор өнімдеріне ҚҚС мөлшерлемесін уақытша төмендету;
  • бірқатар стратегиялық маңызды импортталатын тауарларға нөлдік кеден баждарын белгілеу;
  • коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін жалдау төлемінен босату туралы мәселені пысықтау.

_____________________________________________________________________________

5) ТЖ режимінің қолданылу уақытында төлемдерді кейінге қалдыру, кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды жою

Дереккөз: ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының «Төтенше жағдай кезеңінде халықты және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары туралы» 2020 жылғы 22 наурыздағы №17 Қаулысы.

Түсініктеме:

Жоғарыда көрсетілген Қаулыға сәйкес, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар:

  1. Банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдердің мерзімі өткен төлемдер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды қаржылық жай-күйі ТЖ енгізу нәтижесінде нашарлаған заңды тұлғаларға есептемейді.
  2. Жеке кәсіпкерлерге және қаржылық жағдайы ТЖ енгізу нәтижесінде нашарлаған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне күнтізбелік 90 күнге дейінгі мерзімге негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдер бойынша кейінге қалдыру береді.

Өтінішті қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымға, оның ішінде электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, Интернет-ресурс, мобильді қосымша немесе басқа да байланыс құралдары көмегімен береді.

_____________________________________________________________________________

6) Халық пен бизнесті қолдау үшін жедел желі

Дереккөз: ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің ресми Интернет-ресурсы (finreg.kz)https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36662380 - pos=3;-106.

Түсініктеме:

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттігі ТЖ кезеңінде қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу мақсатында екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың және онлайн-кредит берушілердің қарыз алушыларын қолдау шаралары бойынша жедел желіні іске қосты. Жедел желі телефондары: +7 (727) 2788-144 / 122.

Қаржы нарығы субъектілерінің әрекетіне өтініштер мен жолдамаларды кері байланыс арқылы www.finreg.kz сайтында немесе TAL@finreg.kz, Fingramota@finreg.kz электрондық пошта мекенжайларына жіберуге болады.

_____________________________________________________________________________

7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыскерлер үшін әлеуметтік көмек

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Түсініктеме:

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай режимі кезінде табыстан айрылу жағдайы бойынша жаңа әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібін әзірледі.

Жалақы төленбестен мәжбүрлі демалысқа шығуына байланысты ТЖ кезеңінде табысын жоғалтқан Қазақстанның жұмыс істейтін азаматтары мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем ала алады.

Жаңа әлеуметтік төлем оның ішінде нысаны салық агенттері зейнетақы жарналарын төлеген жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын, АҚС шарттары бойынша табыс алатын тұлғалар санатына, сондай-ақ карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмыскерлеріне  қолданылады.

Бұл ретте, ТЖ енгізілуіне байланысты табыстардың жоғалу фактісін растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі жойылды. 

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жұмыс берушілер жұмыскерлердің тізімімен бірге өтінішті ғана береді; ЖК, ТЖ, АҚС, БЖТ нысандары тек жеке деректерін көрсете отырып өтініш береді. Жұмыскер сондай-ақ өтінішті өз бетінше бере алады. Өтініш электрондық үкімет порталында электрондық өтініш беру арқылы беріледі.

Бір жұмыскер үшін әлеуметтік төлем мөлшері айына бір минималды жалақыны (42 500 теңге) құрайды. Әлеуметтік төлем жұмыскерге оның жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде, бірақ ТЖ режимінің ұзақтығынан аспайтын кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Жаңа енгізулер туралы толығырақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ресми сайтында оқыңыз:http://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/rasshiren-perechen-grazhdan-kotorye-poluchat-vyplaty-iz-gfss-v-period-chp?lang=ru.

Қызметті алу бойынша бейне-нұсқаулықтар сондай-ақ Facebook-тегі Министрлік парақшасында қолжетімді: https://web.facebook.com/enbek.gov.kz/.

_____________________________________________________________________________

8) Мемлекеттік кірістер басқармасы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды

Дереккөз: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі (kgd.gov.kz)https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36662380 - pos=3;-106.

Түсініктеме:

Қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді МКК ақпараттық жүйелері арқылы, egov.kz – электронды түрде алуға болады.

Салық міндеттемелерін орындамағаны үшін шығыс операциялары тоқтатылған есеп айырысу шоттары бойынша (мерзімінде СЕН ұсынбау, берешектің болуы, орындалмаған хабарламалар), ЖК, ЖШС қызметін тоқтату, салық берешегінің болуы, жеке тұлғалардың жергілікті салықтарды есептеу заңдылығы туралы мәселелер –Мемлекеттік кірістер басқармасының байланыс орталықтары арқылы қаралатын болады.

Төтенше жағдай кезеңінде әкімшілендіру бөлігінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды жіберу тоқтатылады, объектілерге бару арқылы салықтық және кедендік тексерулер саны азайтылады, хабарламаларды қолма-қол тапсыру тоқтатылады, БКМ модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кейінге қалдырылады, камералдық бақылау хабарламасының орындалмауына және т.б. байланысты әкімшілік жауапкершілік бойынша материалдарды қарау мерзімдері ауыстырылды.

Әкімшілік жауапкершілік мәселелері төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қаралатын болады.

Алматы қаласы бойынша МКД 2019 жылға арналған салық есептілігін тапсыру мерзімі 30 күнтізбелік күнге  – 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін келесі салық есептілігі нысандары бойынша салық есептілігін электронды түрде  ұсыну шартымен ұзартылғанын еске салды:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00-нысандар);

2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00-нысандар);

3) жеке табыс салығы және мүлік салығы бойынша декларация (230.00-нысан);

4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация  (700.00-нысан);

5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00-нысан);

6) жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан);

7) тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша декларация (912.00-нысан);

8) бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация (920.00-нысан).

_____________________________________________________________________________

9) ТЖ әрекет ету кезеңінде камералдық бақылау хабарламаларына жауап беру тәртібі

Дереккөз: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі (kgd.gov.kz)https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36662380 - pos=3;-106.

Түсініктеме:

Құжаттарды ұсыну талап етілетін 17 наурызға дейін қойылған хабарламаларда электрондық түсіндірмеде ТЖ жарияланған режиміне байланысты құжаттарды берудің мүмкін еместігі туралы көрсету ұсынылады.

ТЖ әрекет ету уақытында мұндай хабарламаларды орындау уақытпен шектелмейді және мерзімінде хабарламаны/ескертпені орындамағаны үшін салық төлеушіге әкімшілік шаралар қолданылмайды.

_____________________________________________________________________________

10) Статистикалық есептерді тапсыру тәртібі мен мерзімдері

Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Алматы қаласының статистика департаменті. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпараттық порталы.

Түсініктеме:

Алматы қ. статистикалық нысандарды қағаз түрінде қабылдау тоқтатылды. 

Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде респонденттерден қағаз түрінде статистикалық нысандарды қабылдау жүзеге асырылмайды. Online режимінде статистикалық есептерді респондент кабинеті арқылы  https://cabinet.stat.gov.kz/ сайтта тапсыруға болады.  

Респонденттердің техникалық қолдауы карантин енгізілуіне байланысты, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қысқартылған жұмыс режиміне ауыстырылды.

Статистикалық нысандарды толтыру бойынша келесі байланыстар бойынша 10:00-ден 15:00-ге дейін хабарласу қажет (Алматы қ. телефон нөмірлері) :

  1. Құрылыс, инвестициялар және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасы-375-22-31
  2. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы-375-38-78
  3. Еңбек статистикасы басқармасы-375-38-12
  4. Баға статистикасы басқармасы-376-03-92
  5. Қызмет көрсету саласы статистикасы басқармасы-376-04-38
  6. Сауда статистикасы басқармасы-376-04-08
  7. Өнеркәсіп статистикасы басқармасы-376-03-84
  8. Құрылымдық статистика басқармасы-376-04-00
  9. Тіркелімдер статистикасы басқармасы-375-22-83

Сонымен қатар, кейбір статистикалық есептерді онлайн режимінде тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 6 сәуіріне дейін ұзартылды.

Онлайн-есептіліктің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және респонденттерге, демалыс күндерін қоса алғанда, уақытылы көмек көрсету мақсатында Статистика комитетінің және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының статистика департаменттерінің ақпараттық қызметтері (тел.+7 7172 74 90 10 / 11) жұмыс істейтін болады. Толық байланыс ақпараты www.stat.gov.kz сайтында орналастырылған  (респонденттер үшін > респондент кабинеті > байланыс ақпараты).

_____________________________________________________________________________

11) Шартты түрде шығарылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну мерзімі өзгертілген

Дереккөз: Шымкент қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасы.

Түсініктеме:

Қазақстан Республикасында ТЖ енгізілуіне байланысты шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен (10-қосымша) белгіленгеннен төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есепті ұсыну мерзімі қайта қаралды және жарты жылда бір рет-есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімге белгіленген. (Бұрын есепті тоқсан сайын – есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсыну қажет болатын.)

_____________________________________________________________________________

12) Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізуге өтпелі кезең ұзартылды

Дереккөз:ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 2020 жылғы 21 наурыздағы баспасөз-релизі (kgd.gov.kz)https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36662380 - pos=3;-106.

Түсініктеме:

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізуге арналған өтпелі кезеңнің ұзартылғаны туралы хабарлайды. ҚР ҚМ Бұйрығының жобасында биоотыннан басқа тауарларға ТІЖ ресімдеудің басталу күні - 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қаралды.

ҚР ҚМ бұйрығының жобасы https://legalacts.egov.kz/ орналастырылған, «Атамекен» ҰКП-ға, сондай-ақ сараптамалық және қоғамдық кеңес мүшелеріне келісуге жіберілді.

Ұсынылған келісімдердің негізінде ҚР ҚМ Бұйрығының дайындалған жобасы ҚР Әділет министрлігіне қарауға жіберілді.

        Салық төлеушілер ТІЖ енгізуге дайындық іс-шараларын жүргізуді жандандыруы қажет. Салық төлеушілердің есеп жүйелерін ТІЖ ресімдеуге техникалық бейімдеу әсіресе маңызды.

Өз тарапынан, консультациялық көмек көрсету және салық төлеушілерді ТІЖ бойынша бизнес-процестерге оқыту мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті тестілік ортаны дайындады, оны әрбір салық төлеуші «Электрондық шот-фактуралар» бөлімінде МКК сайтында көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, тегін пайдалана алады.

Осы бөлімде салық төлеушінің есепке алу жүйелерін пысықтау үшін әзірлеушінің жиынтығы, ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасы, ЭШФ АЖ пайдаланушының нұсқаулығы орналастырылған, оның ішінде ТІЖ нысанын қадамдық толтырудан тұрады.

Бұдан басқа, әрбір аумақтық МКД-да ТІЖ енгізу бойынша салық төлеушілердің пилоттық топтары құрылады.

_____________________________________________________________________________

13) Шетелдіктер үшін ҚР кіру және шығу ережелеріне өзгерістер енгізілді

Дереккөз: ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 қаулысы.

Түсініктеме:

2020 жылдың 1 шілдесіне дейін Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда  болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің  қағидаларының көшіп келушілер үшін ҚР келуінің, болуының және одан кетуінің 72 сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде 26-1-тармағының қолданылуы тоқтатылды.

_____________________________________________________________________________

14) Қозғалысты шектеу аймағын кеңейту

Дереккөз: ресми БАҚ/ақпараттық агенттіктердің материалдары бойынша.

Түсініктеме:

2020 жылдың 30 наурызынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан басқа Қарағанды қ., Қарағанды обл. (Теміртау, Сарань, Шахтинск және Абай), Атырау қ., Ақтау қ. карантинге жабылады. 

Шектеу шаралары 31 наурыздан бастап Шымкент, 2 сәуірден бастап Өскемен және Семей қалаларында қосымша енгізіледі.

_____________________________________________________________________________

15) ТЖ режимі кезіндегі жауапкершілік туралы

Дереккөз: ҚР Бас прокуратурасының 2020 жылғы 20 наурыздағы баспасөз релиз (prokuror.gov.kz)https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36662380 - pos=3;-106.

Түсініктеме:

ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес, ТЖ режимін бұзу 10 АЕК-ке дейін (26 510 теңге) айыппұлға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер үшін (ҚР ӘҚБтК 478-бабы): 40 АЕК-ке дейін (106 040 теңге) айыппұл немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау.

Сонымен қатар, адамның денсаулығына зиян келтірмей, санитарлық нормалар мен ережелерді бұзу (ҚР ӘҚБК 425 – бабы), 30 АЕК-тен (79 530 теңге) бастап 1600 АЕК-ке дейін (4 241 600 теңге) айыппұлға, ал зиян келтірілген жағдайда-кәсіпкерлік субъектісіне байланысты қызметін тоқтата тұрып, 200 АЕК-тен (530 200 теңге) бастап 2000 АЕК-ке дейін (5 302 000 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады.

Абайсызда жаппай ауруға, адамдарға жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соққан ұқсас бұзушылық (санитарлық нормалар мен ережелерді бұзу) (ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы), шектеумен немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады

Осы материал ақпараттық сипатқа ие.

Поделиться


Алматы