Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

«Visa ALL IN картамасымен төлем үшін ай сайын iPhone!» Маркетингтік акциясының талаптары

«Visa ALL IN картамасымен төлем үшін ай сайын iPhone!» маркетингтік акциясы (бұдан әрі — Акция) «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі - Банк) шығарған төлем карталарының белсенді иегерлері және Сбербанк Онлайн (бұдан әрі - СБОЛ) мобильді қосымшасының қолданушылары болып табылатын Клиенттерге арналған.

Терминдер мен анықтамалар.

Акция — «Visa ALL IN картамасымен төлем үшін ай сайын iPhone!» атты маркетингтік акциясы, ұйымдастырушысы «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкі болып табылады (Лицензия нөмірі: 1.2.199/93/31, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 23.12.2014 ж. берілген).

Акция қатысушылары — келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары:

Акция қатысушысы Банк шығарған Visa ALL IN төлем картасын ұстаушы және СБОЛ-да қаржы операцияларын жүргізетін тұлға болып табылады;

Акция қатысушысының Банк алдында кез келген міндеттемелер бойынша мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ.

Клиент – Банк шығарған Төлем картасының иегері.

Акцияны өткізу кезеңі — 2020 жылғы 15 маусымнан 2020 жылғы 30 желтоқсанды қоса алғанға дейін..

Төлем картасы – Карта ұстаушысына электронды терминалдар немесе өзге байланыс арналары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға немесе қолма-қол ақша алуға немесе валюталар айырбасын және Төлем картасының эмитенті анықтаған өзге де операцияларды эмитенттің талаптарында жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар электронды төлем құралы.

Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;

Резервтегі жеңімпаз- Акцияның екінші және үшінші жеңімпазы атану үшін талаптарды жеткілікті түрде толық орындаған Акция қатысушысы;

Жүлде - осы Акцияға сәйкес Жеңімпазға табысталатын сыйлық;

СБОЛ (Сбербанк Онлайн) - Клиент онлайн режимде қаржы операцияларын жүргізу үшін пайдаланатын Банктің мобильді қосымшасы.

СБОЛ-дағы қаржы операциясыы- клиенттің ақша аударымдарын жасау, ТКШ қызметтерін төлеу, салық, оқу ақысын төлеу және өзге де төлемдер жүргізу арқылы өз ақша қаражаттарын қашықтан басқару мүмкіндігі.

2. Акцияның жалпы ережелері.

2.1. Бұл Акция Клиенттердің Банк өнімдеріне бейілділігін, Клиенттердің СБОЛ-да «Төлемдер» мен «Аударымдар» бөліміндеVisa ALL IN төлем картасын пайдаланып, көбірек қаржы операцияларын орындауға ынталарын арттыруға бағытталған.

3. Акцияға қатысу талаптары.

3.1. Акция Банк шығарған Visa ALL IN төлем картасын ұстаушы және СБОЛ-да қаржы операцияларын жүргізетін тұлға болып табылатын Банк Клиенттеріне қолданылады.

3.2. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (резиденттер).

3.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: бейрезиденттер, Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 18 жасқа толмаған тұлғалар.

3.4. Акцияға қатысу үшін қажет:

Акцияны өткізу кезеңінде Акцияның ықтимал қатысушысы СБОЛ-да «Төлемдер» мен «Аударымдар» бөлімінде Visa ALL IN төлем картасын пайдаланып, кемінде бір транзакция жүргізуі қажет.

Ай сайынғы ұтысқа ай ішінде клиент СБОЛ-да «Төлемдер» мен «Аударымдар» бөлімінде  Visa ALL IN төлем картасын пайдаланып жасаған барлық транзакциялар қатыстырылады.

3.5. Бір клиент шексіз рет Төлем жасай алады.

4. Акцияның жүлде қоры:

Акция шеңберінде жүлделер ретінде келесі жүлделер беріледі:7 Apple iPhone 11 Pro (64 ГБ) смартфоны.

Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлдені ақшалай баламасымен немесе өзге затпен беруге жол берілмейді.

Акция кезінде жарнамалық материалдарда жарияланған Жүлделердің сыртқы түрі (түсі және т.б.) мен Жүлделердің шынайы түрінде айырмашылықтар болуы мүмкін.

5. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі.

5.1. Жеңімпаздарды анықтау КБжЖБ мен МжКБ жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның қатысуымен, www.random.org. кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады. www.random.org. Жеңімпаздарды анықтау үшін 3.4  т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акция қатысушыларының жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 6 цифрі) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау процессінде барлық әрекеттер бейнежазба арқылы жасалады.

5.2. Акция қорытындысы бойынша негізгі Жеңімпазбен қатар, Банк Акцияның негізгі Жеңімпазы анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде негізгі Жеңімпазбен хабарласа алмаған жағдайға арнап (Жеңімпаздың телефон нөміріне 3 рет хабарласады) 2 (екі) Резервтік Жеңімпаз анықталады. Банктің негізгі Жеңімпазға телефон арқылы хабарласа алмау дерегін  негізгі Жеңімпазға қоңырау шалу кезінде КБжЖБ мен МжКБ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен Банк Филиалының жауапты қызметкерлері жасаған бейнежазба растайтын болады.

5.3. Жеңімпаздар туралы ақпарат Банктің www.sberbank.kz  сайтында жарияланатын болады.  Жеңімпазға Сыйлықтығ берілуін жариялау үшін Банк филиалының жауапты менеджері Акция Жеңімпазынан осы Қағидалардың №1 Қосымшасында қарастырылған үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған Келісімін (бұдан әрі - Келісім) алуы тиіс. 

6. Жүлдені табыстау тәртібі

6.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (Банк филиалының жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы және сәйкес Жүлдені табыстау орны туралы хабарлайды. Сыйлықты алған кезде Жеңімпаз жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынуы тиіс немесе сыйлықты алуға Жеңімпаздың сенім білдірілген тұлғасы келетін болса, сенім білдірілген тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, келесідей өкілеттіктер беретін, нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсынуы тиіс: Сыйлықты алу, қажетті құжаттарға қол қою, Жеңімпаз туралы банктік құпияны және оның жеке бас деректерін ашуға, Жеңімпаздың жеке бас деректерін жинақтау және өңдеу, оның ішінде оларды трансшекаралық табыстау.

Жүлденің Жеңімпазға (оның сенім білдірілген тұлғасына) тапсырылуы Банктің жауапты қызметкері мен Жеңімпаз (оның сенім білдірілген тұлғасы) арасында тиісті құжатқа қол қою арқылы расталады.

6.2. Егер Банк (филиалдың жауапты менеджері) белгіленген мерзімде осы Ережеде көрсетілген себептермен негізгі Жеңімпазбен хабарласа алмаған жағдайда, Банк (филиалдың жауапты менеджері) 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздар тізіміне сәйкес  резервтегі Жеңімпазбен хабарласады және Жүлдені алу құқығы резервтегі Жеңімпазға өтеді.

6.3. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері  Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.

6.4. Жеңімпаздың (оның сенім білдірілген тұлғасының) Келісімге қол қоюдан, Банктің Жүлдені оған тапсырғанын және оны алғанын растайтын құжатқа қол қоюдан бас тартуы, Жеңімпаздың (оның сенім білдірілген тұлғасының) жеке куәлігін ұсынбауы/ сенім білдірілген тұлғаның сенімхатты ұсынбауы Банк тарапынан Жеңімпаздың Жүлдеден бас тартуы деп қабылданады, бұл үшін Банк жауапкершілік көтермейді. 

6.5. Жеңімпаз немесе оның сенім білдірілген тұлғасы жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Осы сәттен бастап Банк Жүлденің жоғалуы, жойылуы не зақымдалуы оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

7. Өзге де талаптар.

7.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда Банк осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын осы Акцияның жаңа рекдакциясын Банктің келесі сайтында жариялау арқылы хабарландырады: https://www.sberbank.kz/ru/individuals. Сонымен қатар Банк Клиенттердің осы Акцияның өзгеруі туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға да құқылы. 

7.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін Төлем картасын СБОЛ-да пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

7.3. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестерге дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

Поделиться


Алматы