Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Sberbank Pay: енді MasterCard ұстаушылары үшін

07 шілде 2020 ж., Алматы қ. - «Сбербанк» АҚ ЕБ Android - Sberbank Pay операциялық жүйесі бар смартфондармен байланыссыз төлем қызметі - енді MasterCard халықаралық төлем жүйесі карталарын ұстаушыларға қол жетімді екенін хабарлауға қуанышты.

Бұған дейін Sberbank Pay көмегімен сатылымдарды тек Visa жүйесінің карталары бар Сбербанктің клиенттері төлей алатын.

«Бұдан былай Android-смартфон иелері ыңғайлы Sberbank Pay байланыссыз төлем жүйесін олардың қандай төлем жүйесінің картасын қолданатындықтарына қарамастан пайдалана алады. Байланыссыз төлемдердің танымалдығы қарқынды өсуде: бұл тек ыңғайлы және қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар, қазіргі заманғы шынайылықта аса маңызды - бұл сонымен қатар гигиеналы, өйткені қолма - қол ақшаны қолға алу қажеттілігін мүлдем азайтады», - деп атап өтті Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Амырхан Чиканаев.

Өз кезегінде, iPhone иесі болып келетін банк клиенттерінің карта түріне қарамастан Apple Pay жүйесінің барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндігі бар.

Анықтама:

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы -  филиал. Банктің Орталық кеңсесі Алматы  қаласында орналасқан.

Қосымша ақпарат алу үшін:

"Сбербанк" АҚ ЕБ Баспасөз қызметі
Гульмира Мухсинова
+7 (727) 266 -35 -68 (ішкі 502 466).                  
e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz

Поделиться


Алматы