Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • Маркетингтік акциясының талаптары «Сбербанк Visa ALL IN карталары бойынша 100% CashBack қайтарады»

Маркетингтік акциясының талаптары «Сбербанк Visa ALL IN карталары бойынша 100% CashBack қайтарады»

«Сбербанк Visa ALL IN  карталары бойынша 100%  CashBack қайтарады» маркетингтік акциясы (бұдан әрі — Акция) «Жинақ банкі» АҚ ЕБ (бұдан әрі - Банк)  шығарған кез келген Visa ALL IN картасымен қолма-қол ақшасыз есептесу (Retail El Comm) тәсілімен сауда жасаған Клиенттерге арналған.

1. Терминдер мен анықтамалар.

Акция — ұйымдастырушысы «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік қоғамы Еншілес банкі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген 23.12.2014 ж. №1.2.199/93/31 Лицензия) болып табылатын «Сбербанк Visa ALL IN  карталары бойынша 100%  CashBack қайтарады» атты маркетингтік акциясы.

Акция қатысушылары — келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары:

Акция қатысушысы Банк шығарған Visa ALL IN төлем картасының ұстаушысы және кез келген Visa ALL IN картасымен төлем жасаушы тұлға;

Клиент – Банк шығарған Visa ALL IN картасының иегері.

Акцияны өткізу кезеңі – 2020 жылғы 10 қыркүйектен 2020 жылғы 10 қазанға  дейін.

Төлем картасы – Карта ұстаушысына электронды терминалдар және (- немесе) өзге байланыс арналары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға немесе қолма-қол ақша алуға немесе валюталар айырбасын және Төлем картасының эмитенті анықтаған өзге де операцияларды эмитенттің талаптарында жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар электронды төлем құралы.

Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;

Жүлде – осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына CashBack 50 000 теңгеден аспайды.

POS – терминал - Төлем карталарын төлем жасауға қабылдау үшін қолданылатын электронды құрылғы.

ССК – Сауда және сервис кәсіпорындары

Retail және E-comm – POS-терминал арқылы және ССК сайтында қолма-қол ақшасыз жасалған операция.

2. Акцияның жалпы ережелері.

2.1. Бұл Акция Клиенттердің Банк өнімдеріне бейілділігін, Клиенттердің Сауда және сервис кәсіпорындарында Төлем картасын пайдаланып, қолма-қол ақшасыз транзакциялар жүзеге асыруға және күнделікті қолданыста қолма-қол ақшадан бас таруға ынтасын арттыруға бағытталған.

3. Акцияға қатысу талаптары.

3.1. Акция Банк шығарған төлем карталарының иегері болып табылатын, кез келген Visa ALL IN картасымен қолма-қол ақшасыз төлемдер (Retail и E-comm) жасайтын Банк Клиенттері арасында өтеді;

3.2. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (резиденттер/бейрезиденттер).

3.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 18 жасқа толмаған тұлғалар.

3.4. Акцияға қатысу үшін қажет:

Банк шығарған Visa ALL IN төлем карталарымен Акцияны өткізу кезеңі ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдер (бұдан әрі - Төлемдер) жүргізу.

3.5. Бір клиент шексіз рет Төлем жасай алады. Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның әр Кезеңінде ішінде жасалған барлық Төлемдер қатысады.

3.6. Жүлделер ұтыс ойыны 18 және 25 қыркүйекте, 2 және 12 қазанда 80 клиенттің арасында жүзеге асырылады (бір ұтыс ойын трансляциясында: Банк 20 клиенттің транзакциясын таңдайды, ойнатылған CashBack-тің жалпы сомасы 250 000 теңгеден аспауы тиіс)

3.7.  Акция қатысушылары арасында ұтыс ойыны өткізілетін күнді Банк белгілейді.

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

4.1. Жеңімпаздарды анықтау «Күнделікті банкинг және жинақтаулар» басқармасы (бұдан әрі - КБжЖБ) мен Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі - МжКБ) жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның қатысуымен, www.random.org. кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады. www.random.org. Жеңімпаздарды анықтау үшін 2.5  т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акция қатысушыларының жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 6 цифрі) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады. 

4.2. Жеңімпаздар туралы ақпарат Жеңімпаздарды анықтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банктің www.sberbank.kz веб-сайтында жарияланады.

5. Жүлдені табыстау тәртібі

5.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (филиалдың жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы туралы 10 күн ішінде төлем картасына соманы аудару арқылы хабарлайды.

5.3. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде ТК ағымдық шоты және төлем картасы жабылған, бұғатталған, оның ішінде мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың шешімі бойынша жабылған, бұғатталыған, Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері  Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.

5.5. Жеңімпаз жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

5.6. Жүлденің жеңімпазға берілгенінің растамасы жүйеден алынған, ұтыс ойын кезінде таңдалған транзакция бойынша қаражат қайтарылғаны туралы үзінді көшірме. 

6. Өзге де талаптар.

6.1. Клиентке бонустарды аударуға, бонустардың тиісті сомасын аударуға байланысты кез келген шағымы болған жағдай Банктің Клиент алдында осы Бағдарлама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі шектеледі.

6.2. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда Банк бұл туралы осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Банктің https://www.sberbank.kz/ru/individuals сайтында осы Акцияның жаңа редакциясын жариялау арқылы хабарландырады. Қосымша түрде Банк Клиенттерді осы Акцияның өзгертілгені туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну арқылы хабарландыруға құқылы.

6.3. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін Төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.4. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестеріне дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк КБжЖБ мен МжКБ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

Поделиться


Алматы