Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • Маркетингтік акциясының талаптары «Wolt тамақ жеткізу қызметін Сбербанктің Visa картасымен төлеп, сыйлық ұтып ал»

Маркетингтік акциясының талаптары «Wolt тамақ жеткізу қызметін Сбербанктің Visa картасымен төлеп, сыйлық ұтып ал»

 «Wolt тамақ жеткізу қызметін Сбербанктің Visa картасымен төлеп, сыйлық ұтып ал» маркетингтік акциясы (бұдан әрі — Акция) «Жинақ банкі» АҚ ЕБ (бұдан әрі - Банк)  шығарған кез келген Visa картасымен қолма-қол ақшасыз есептесу (Retail El Comm) тәсілімен сауда жасаған Клиенттерге арналған.

Терминдер мен анықтамалар.

  1. Акция — «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкімен ұйымдастырылған«Wolt тамақ жеткізу қызметін Сбербанктің Visa картасымен төлеп, сыйлық ұтып ал» атты маркетингтік акциясы (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 03.02.2020 ж. № 1.2.199/93/31  Лицензия).
  2. Акция қатысушылары — келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары: Акция қатысушысы Банк шығарған Visa төлем картасының ұстаушысы болып табылады.
  3. Клиент – Банк шығарған Visa картасының иегері.
  4. Акцияны өткізу кезеңі – 19.11.2020-03.12.2020 ж.
  5. Төлем картасы – Карта ұстаушысына электронды терминалдар және (- немесе) өзге байланыс арналары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға немесе қолма-қол ақша алуға немесе валюталар айырбасын және Төлем картасының эмитенті анықтаған өзге де операцияларды эмитенттің талаптарында жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар электронды төлем құралы.
  6. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;
  7. Сыйлық – жеңімпазға өз мақсаттарында пайдалану үшін нақты немесе электронды түрде берілетін нақты немесе электронды сыйлық.
  8. POS – терминал - Төлем карталарын төлем жасауға қабылдау үшін қолданылатын электронды құрылғы.
  9. ССК – Сауда және сервис кәсіпорындары

 

2. Акцияның жалпы ережелері.

2.1. Бұл Акция Клиенттердің Банк өнімдеріне бейілділігін, Клиенттердің Сауда және сервис кәсіпорындарында Төлем картасын пайдаланып, қолма-қол ақшасыз транзакциялар жүзеге асыруға және күнделікті қолданыста қолма-қол ақшадан бас таруға ынтасын арттыруға бағытталған.

 

3. Акцияға қатысу талаптары.

3.1. Акция Банк шығарған төлем карталарының иегері болып табылатын, Сбербанктің кез келген Visa картасымен Wolt тамақ жеткізу қызметі үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер жасайтын Банк Клиенттері арасында өтеді;

3.2. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (резиденттер).

3.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: бейрезиденттер, Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 18 жасқа толмаған тұлғалар.

3.4. Акцияға қатысу үшін қажет:

Банк шығарған Visa төлем карталарымен Акцияны өткізу кезеңі ішінде Wolt тамақ жеткізу қызметі үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер (бұдан әрі - Төлемдер) жүргізу.

3.5. Бір клиент шексіз рет Төлем жасай алады. Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның әр Кезеңінде ішінде жасалған барлық Төлемдер қатысады.

3.6. Сыйлықтар ұтыс ойыны 2020 жылғы 26 қараша мен 03 желтоқсан аралығында өткізіледі.

3.7.  Акция қатысушылары арасында ұтыс ойыны өткізілетін күнді Банк белгілейді.

3.8. Сыйлық қоры – 10 кітап*, 2 жұп сымсыз құлаққаптар және Wolt тамақ жеткізу қызметіне 5000 теңгеге 10 промокод

 *кітаптар тізімі:
1) Alibaba - История мирового восхождения от первого лица (Дункан Кларк)
2) Книга успеха (Робин Шарма)
3)Неудержимая (Мария Шарапова)
4) Доставляя счастье (Тони Шей)
5) Шварцнегер
6) Ты можешь больше чем ты думаешь
7) Одна привычка в неделю (Берт Блюменталь)
8) Третья Дверь (секретный код успеха богатейших людей мира)
9)Стив Джобс (Уолтер Айзексон)
10) Продавец обуви (Фил Найт)

3.9. Промкодты қалай пайдалануға болады – промокод Жеңімпазға Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасында push-хабарлама арқылы жіберіледі. Іске қосу мерзімі 31/12/20 ж. дейін, жарамдылық мерзімі іске қосылған күннен бастап 14 күн. Промокодты пайдалану нұсқаулығы:
1. Wolt қосымшасына кіру
2. Өз Профиліңізге кіру  және «Промокод енгізу» жолағын таңдаңыз
3. Рush-хабарламадағы промокодты жазып, растаңыз.
4. Промокод іске қосылды. 14 күн ішінде тапсырыс беру қажет.
 

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

4.1. Жеңімпаздарды және 3 резервтегі  жеңімпаздарды  анықтау Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі - МжКБ) жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның қатысуымен, келесі кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады: www.random.org. Жеңімпаздарды анықтау үшін 3.4  т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акция қатысушыларының жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 4 цифрі) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады. 

4.2. Жеңімпаздар туралы ақпарат тікелей эфирде жарияланады және жазба Сбербанктің Instagram және Facebook ресми парақшаларында Жеңімпаздар анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні бойы сақталады.

 

5. Жүлдені табыстау тәртібі

5.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы туралы хабарлайды.

5.2. Сыйлық 10 күн ішінде Жеңімпаздың қолына беріледі және нақты сыйлық болған жағдайда суретке түсіріледі. Электронды сыйлық Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасында push-хабарлама арқылы жолданады.

5.3. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері  Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.

5.5. Жеңімпаз жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

5.6. Сыйлықтың жеңімпазға берілуі суретке түсіру, сыйлықты қабылдау актіне қол қою, Банк жүйесінен электронды сыйлық жолданғаны туралы үзінді көшірме арқылы расталады.

 

6. Өзге талаптар.

6.1. Клиентке бонустарды аударуға, бонустардың тиісті сомасын аударуға байланысты кез келген шағымы болған жағдай Банктің Клиент алдында осы Бағдарлама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі шектеледі.

6.2. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда Банк осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын осы Акцияның жаңа рекдакциясын Банктің келесі сайтында жариялау арқылы хабарландырады: https://www.sberbank.kz/ru/individuals

6.3. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін Төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.4. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестеріне дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк МжКБ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

6.5. Жеңімпаз Сыйлықты алудан бас тартқан жағдайда – Сыйлық Банктің меншігіне өтеді.

6.7. Жеңімпазбен бес жұмыс күні ішінде хабарласа алмаған жағдайда Банк кез келген сыйлықты қайта ойнатуға құқылы.

Поделиться


Алматы