Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Исенғалиев Бақытжан Ізтілеуұлының қайтыс болғаны туралы қайғыра хабарлауға мәжбүрміз

2021 жылғы 1 сәуірде «Сбербанк» АҚ ЕБ Директорлар Кеңесінің Мүшесі, тәуелсіз директор, «Сбербанк» АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және басқару мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Бақытжан Ізтілеуұлы Исенғалиев өмірден өтті.

Бақытжан Ізтілеуұлы әр жылдары мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарып, еліміздің дамуына зор үлес қосты. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі болды. Соңғы 10 жыл бойы Сбербанкте жұмыс істеп, компанияның мақсаттарына жетуіне және Қазақстан экономикасының өсуіне қомақты үлес қосты. Бірлескен жұмыс жылдарында біз Бақытжан Ізтілеуұлын өз ісіне шын берілген нағыз кәсіпқой ретінде таныдық. Кәсіби қасиеттерінен бөлек Бақытжан Ізтілеуұлы адамдарға деген шынайы қарым-қатынасы және жоғары моральдық принциптерімен ерекшеленді.  «Милосердие» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы бола отырып, ол болашақ ұрпақтың денсаулығына алаңдаушылық танытты, белсенді түрде қайырымдылық қызметін жүргізді.

Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Поделиться


Алматы