Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Онлайн-банкингті кемелдендіре отырып

Сбербанк өзінің қашықтан қызмет көрсету сервистерін жақсарту үшін ең үздік шешімдерді үнемі іздестіріп келеді. Онлайн-банкингке арналған Red Hat OpenShift Container Platform контейнерлерін басқару жүйесінің енгізілуі солардың бірі болып отыр. Бұл шешімді ең ірі ресейлік ІТ-компаниялардың бірі «Инфосистемы Джет» ұсынды.


Сбербанк Қазақстан үшін 2021 жыл онлайн-банкингтің жаңа нұсқасына көшуімен ерекшеленіп отыр. Ол үшін қаржылық ұйымға контейнерлеу технологиясы қажет болды.

 «Біз клиенттердің тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырамыз, бұл ретте цифрлық қызметтердің рөлін асыра бағалау қиын. Микросервистік сәулеті бар қосымшаға көшу мобильдік банкингті түбегейлі дамытудың жолындағы тағы да бір қадам болды. Бұл біз үшін жаңа функционалды ойлап табу бойынша кереметтей перспективаларға жол ашады: біз клиенттердің банкпен өзара іс-қимылына әсер етпей, Time-To-Market-ті жеделдетеміз, - деп түсіндірді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Тасқаранов. - Осыған «Инфосистемы Jet» командасының қосқан үлесі өте маңызды: инженерлер бір ай ішінде Red Hat OpenShift Container Platform платформасын жасады, қысқа мерзімде біз мобильді қосымшамыздың жаңа даму цикліне кірістік, клиенттер үшін көптеген жаңа функциялардың мол жинақтамасы мен мүмкіндіктер бар».

Контейнерлерді басқаратын Red Hat OpenShift Container Platform платформасы банктің АТ-инфрақұрылымында жасақталып отыр. Онлайн-банкингтің жұмысын қамтамасыз ету үшін қосымша қызметтердің стегі орнатылып, бапталды. Бұл ретте Redis базасына қондырылған деректер қоймасы, HashiСorp-тың Consul негізіндегі Service mesh, HashiСorp-тың Vault құпияларын басқару жүйесі, Apache Kafka-дағы транзакцияларды үлестіре отырып сақтау, Jaeger негізіндегі қызметтерді трассировкалау, сондай-ақ ElasticSearch логтарды сақтау және іздеу құралы және Prometheus мониторинг жүйесі жайлы сөз болып отыр.

«Enterprise-деңгейдің ашық коды бар шешімдері бүкіл әлем бойынша қаржы компанияларының АТ-қаражатының арсеналына нық ендірілді. Red Hat OpenShift Container Platform қауіпсіздік пен тұрақтылық деңгейін, сондай-ақ банк саласындағы көшбасшылардың жоғары стандарттарына сәйкес келетін масштабтау мүмкіндіктерін береді. Солардың көмегімен компания сапалы клиенттік сервис ұсына алады және дами түспек», — дейді Тимур Кульчицкий, Red Hat Ресейдегі және ТМД бойынша аймақтық менеджер

Қалыптастырылған экожүйе тапсырыс берушіге қауіпсіздік пен сенімділіктің қатаң талаптарын сақтай отырып, контейнерлік ортада жаңа қызметтерді дамытуға мүмкіндік береді. Әзірленген шешім соңғы пайдаланушылар үшін сервистердің кепілді қолжетімділігімен бірге жаңа өнімдерді шығаруды қоса алғанда, онлайн-банкингтің функционалын жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда бизнес контейнерлік технологияларға жаһандық көшуді бастан кешуде. Сөйтсе де, барлық жердегі біздің әртүрлі қатысу географиясымен және әртүрлі салалардан болатын клиенттеріміз DevSecOps саласындағы білікті мамандардың тапшылығына тап болып отыр. Көптеген жобалардағы клиенттермен ынтымақтастық көбінесе осыдан басталады», - дейді «Инфосистемы Джет» DevSecOps зертханасының басшысы Александр Краснов. Red Hat OpenShift Container Platform және оның Қазақстандағы Сбербанктегі жұмысы үшін қажетті компоненттерін өрістетудің соңғы аккорды жүйемен,  баптау параметрлерінің сипаттамасымен жұмыс бойынша құжаттар пакетін, әрбір қосымша АТ-құралдың жұмыс істеу қағидаттарын дайындау болды. Енді банктің ИТ-командасында микросервистердің экожүйесін өз ресурстарымен дамыту үшін қажетті болатын барлық нәрсе бар».

Қазіргі уақытта контейнерлерді басқару платформасы онлайн-банкингтің даму, тестілеу және өнімді пайдалану ортасын сәтті қолдайды. «Инфосистемы Джет» сервистік командасы жүйенің жұмысын сүйемелдеуді жалғастыра бермек.


Анықтама:

Сбербанк Қазақстан — Сбербанк халықаралық тобына кіреді. Банк 15 жыл Қазақстанның қаржы нарығында табысты жұмыс істеп келеді, 01.04.2021 ж. жағдай бойынша Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша 2-ші орынды иеленеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Банк Қазақстан Республикасындағы шетелдік қатысуы бар ең ірі салық төлеушілердің ТОП-30 қатарына қосылды. 2020 жылғы салық аударымдары 20 млрд. астам теңгені құраған. Қазіргі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 110 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-і филиалдар болып табылады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 

___________

«Инфосистемы Джет» — Ресейдегі ең ірі АТ-компаниялардың бірі болып отыр. 1991 жылдан бастап бүкіл елдің аумағында күрделі әрі бірегей жобаларды іске асыра отырып, жүйелік интеграциялау нарығында жұмыс істеп келеді. Штаты — 1800 астам қызметкер.

Компанияның Ресейде және ТМД-да 10-нан астам кеңселері мен өкілдіктері бар және басқа елдерде жобалар жүргізеді. Ресейдегі ең ірі ТОП-500 компаниялар қатарына (РБК, 2020 ж.), ең ірі АТ-компаниялардың ТОП-10 және Ресейдегі АТ-қызметтер жеткізушілерінің ТОП-5 қатарына енді (Эксперт РА, 2020 ж.). Ресейдегі АТ-аутсорсинг нарығындағы көшбасшы (IDC, 2019), Дата-орталықтар инфрақұрылымының ең ірі жеткізушілерінің арасындағы №1 (CNews Analytics, 2020 ж.), Ресейдегі ақпаратты қорғау саласындағы ең ірі интеграторлардыңТОП-3 кіреді (CNews Analytics, 2020 ж.).

«Инфосистемы Джет» қызметінің негізгі бағыттары: есептеу кешендерін, желілік инфрақұрылымды, иженерлік жүйелер мен мультимедианы жобалау және енгізу, тапсырыс бойынша әзірлеу, enterprise-деңгейдегі бағдарламалық шешімдер мен бизнес-қосымшаларды енгізу және сүйемелдеу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, АТ-аутсорсинг және техникалық қолдау.

Компанияның жаңалықтары www.jet.su сайтында қолжетімді

 

Поделиться


Алматы